Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстан латын әліпбиіне қашан көшеді – президент жауап берді
Жаңалықтар

Қазақстан латын әліпбиіне қашан көшеді – президент жауап берді

16.06.2022
1 мин
6
2453

Латын әліпбиіне көшуде жан-жақты, терең талдау жасап барып, түбегейлі шешім қабылдаған абзал. Бұл туралы Ұлытау облысында өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

«Тілге байланысты тағы бір маңызды мәселе. Бұл – латын әліпбиіне көшу туралы. Кейбір қоғам өкілдері біз әлі күнге дейін кириллицадан арыла алмай жатырмыз деп, алаңдаушылық білдіруде. Бірақ, ең алдымен, бұл лингвистикалық тұрғыдан өте күрделі мәселе. Осыны жақсы түсінген жөн», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Осы орайда Президент бұған дейін біз 2 рет латын графикасына көшуге тырысқанымызды еске салды. 

«Алайда, соңы сәтті болған жоқ. Сондықтан, бұл мәселеге жан-жақты, терең талдау жасап барып, түбегейлі шешім қабылдаған абзал. Кириллицадан латын әліпбиіне жасанды түрде, тек сәйкес әріптерді өзгерту арқылы көшуге болмайды. Әйтпесе, бұл үлкен қателікке апарып соғады. Ең бастысы, азаматтар, әсіресе, жастарымыз қазақ тіліндегі барлық сөздердің латын графикасындағы жазылу тәртібін анық білуі керек. Яғни, тілімізге арналған орфографиялық қағидаларды қайта қараған жөн», - деді Мемлекет басшысы. 

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
6 Пікір
Е
Ерболат 17.06.2022
Латын алфавит бізге керек әлем тілдерін тез түсінеді 30 жылдан бері кириллицада жүрмиз бірақ әлі мешеу хәлдеміз елімізді бір елге бодан болмай толық егемендік алуға жағдай жасайды, кмриллицаны жақтағандар құлдық санадан арыла алмағандар
Жауап беру
М
Марал 17.06.2022
Өте дұрыс! Жазу білсе болғаны
Жауап беру
Ф
Фариза Ермекбаева 16.06.2022
Миды ашытып латын не керек, қазақшаның өзін әрең оқып жургенде балаларымыз. Өз басым қарсымын
Жауап беру
А
Айгуль 16.06.2022
Латын альфавиті керек емес. Өзіміздің Қазақ тіліміз кушті.
Жауап беру
М
Мөлдір 16.06.2022
Латынга кошудин тук керекги жок
Жауап беру
У
Улжан 16.06.2022
Отырып алып еригеди.Ми ашу кылмасын.Балаларды итакта ауыш кылып койды барин киындатып.
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл