Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Бұл туралы ҰҚК Шекара қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Dauletten.kz.
«ҚР Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы «Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы» келісімге сәйкес ҚХР-да тойланатын «Айдаһар қайықтары мейрамына (Дуань-у)» байланысты 2023 жылғы 22 маусымда қазақ-қытай шекарасындағы автокөліктік өткізу пункттерінде адамдар, көлік құралдары, жүктер мен тауарлар өткізілмейтінін хабарлайды»,- делінген хабарламада.
Теміржолдық өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істейді.
Айта кетейік, мереке ай күнтізбесі бойынша 5-айдың 5-і күні тойланады. Бұл мереке 2008 жылдан бері Қытайдағы ресми мереке болып табылады және үш күн қатарынан атап өтіледі.