Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстан мен Ресей ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтерді
Жаңалықтар

Қазақстан мен Ресей ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтерді

12.11.2025
мин
0
77

Мемлекеттер басшыларының қатысуымен бірқатар үкіметаралық және ведомствоаралық құжаттарды алмасу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

1. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың 2026-2030 жылдарға арналған кешенді бағдарламасы;

2. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасында үшінші елдерге экспортқа жеткізуге арналған ресейлік және қазақстандық жүктерді темір жол көлігімен транзиттік тасымалдау және ауыстырып тиеу саласындағы ынтымақтастықты ұйымдастыру туралы келісім;

3. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасында көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласы бойынша өзара ықпалдастық жөніндегі келісім;

4. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы «Союз-5» және «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешендеріне ұшу сынағын жүргізу үшін Қазақстан-Ресей мемлекетаралық комиссиясын құру туралы келісім; 

5. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасында Ақтау қаласында Ресей Федерациясының Бас консульдығын құру туралы ноталармен алмасу формасындағы келісім; 

6. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасында халықтың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;

7. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Ресей Федерациясы Экономикалық даму министрлігі арасында ерекше экономикалық аймақтарды дамыту мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;

8. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі мен Ресей Федерациясы Оқу-ағарту министрлігі арасында Қазақстан Республикасында қазақ-орыс жалпы білім беру ұйымдарын ашу және Ресей Федерациясында орыс-қазақ жалпы білім беру ұйымдарын ашу бойынша ниеттестік туралы меморандум;

9. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Ресей Федерациясы Табиғи ресурстар және экология министрлігі арасында Қазақстан Республикасына Ресей Федерациясынан Амур жолбарыстарын әкелуге әзірлік және жеткізілген жануарлардың бастапқы бейімдеуден өтуі бойынша бірлескен іс-шаралар жоспары;

10. Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі мен Ресей Федерациясы Экологиялық, технологиялық және атомдық бақылау жөніндегі федеральдық қызметі арасында атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалануда ядролық және радиациялық қауіпсіздікті реттеу саласы бойынша ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;

11. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен Ресей Федерациясы Көлік министрлігі арасында Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасындағы автокөлік өткізу бекеттерін дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспары; 

12. «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «РТЖ» ААҚ арасындағы 2030 жылға дейінгі мемлекетаралық түйісу пункттерін дамыту туралы келісім; 

13. «Қазпошта» АҚ мен «Ресей поштасы» АҚ арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл