Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстан мобильді интернет ең арзан 5 елдің қатарында
Жаңалықтар

Қазақстан мобильді интернет ең арзан 5 елдің қатарында

11.05.2021
1 мин
5
1209

Коронавирустық пандемия барлық саланы интернеттендіру үдерісін жеделдетті.  2020 жылы Қазақстан Республикасында 6-74 жас аралығындағы тұрғындардың арасында интернетті пайдаланушылардың үлесі 88,2%-ға дейін өсті.  Ал бес жыл бұрын бұл көрсеткіш 76,8% -ды құраған, деп хабарлайды inbusiness.kz finprom.kz-ке сілтеме жасап.

2021 жылдың 1 сәуіріне дейін Қазақстанда ғаламторға қолжетімді 16,1 млн ұялы байланыс абоненті тіркелген.  Бір жыл ішінде олардың саны 8%-ға, бес жыл ішінде бірден 45,9%-ға өскен. Сонымен қатар қазір интернеттің жылдамдығы мен бағасына қатысты мәселе қазақстандықтар үшін бірінші орынға шықты.

Үлкен аймақтарды қамтуды қажет ететін күрделі географиялық ерекшеліктерге қарамастан, Қазақстандағы мобильді желі әлемдегі ең арзан интернет.  Мұны ғаламторға қолжетімділіктің жаһандық индексі растайды. Рейтингіде Қазақстан ең арзан мобильді интернеті бар ТОП-5 елдер қатарына кірді. Қазақстанда 1 ГБ орташа құны небәрі 0,9 долларды құрады, ал көптеген дамыған елдерде бұл көрсеткіш 9-10 доллардан асады. Яғни, отандастарымыз 15 ГБ үшін орташа есеппен 13,5 доллар төлейтін болса, мысалы, Германияда - 73,5 доллар, Жапонияда - 84 доллар, АҚШ-та - 144 доллар, Канадада - 166,5 доллар, Швейцарияда 192 доллар екен.

Үндістан - әлемдегі мобильді интернет ең арзан мемлекет, Израиль мен Ресей де көшбасшылар қатарында. Сонымен қатар, зерттеу барысында Қазақстанда телекоммуникация саласы Орталық Азияда мемлекеттерімен салыстырғанда ең жедел дамып келе  жатқаны анықталды. 

Жақсы талшықты-оптикалық желілер, мобильді жәнк кең жолақты инфрақұрылым операторларға абоненттерге үлкен көлемдегі трафик пакеттерін ұсынуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде бұл ғаламтор бағасының қолжетімділігіне ықпал етеді.

Бұған қоса елімізде ұялы байланыс операторлары бұл салаға айтарлықтай инвестиция салуда.  2020 жылы ақпарат және коммуникация саласына тартылған инвестициялар 37,2%-ға, 140,9 млрд теңгеге дейін өсті және осы жылдың бірінші тоқсанының аяғында инвестиция көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 63,2% -ға артты. 

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
5 Пікір
А
Айгерим 11.05.2021
Кайдагы кымбаттап Осип жатыр тарифтер
Жауап беру
Ж
Жансая 11.05.2021
Кандай жумыс?интернет пен жумыс па?
Жауап беру
р
роза 11.05.2021
тусинбедим сонда не жумыс?
Жауап беру
Н
Нази 11.05.2021
Кандай жумис
Жауап беру
А
Айгерим 11.05.2021
Бала шагамызга Алдал жумыс болса болды
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл