Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Наурыз айынан бастап Қазақстан Қытайдан 3 млрд теңгеге коронавирусты анықтайтын 700 мыңға жуық ПТР-тест сатып алған. Бұл туралы ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев айтты.
«Осы жылдың наурыз айынан бері Қытайдан 3 млрд теңгеге 696 мың тест алынды. Сол уақыттан бері Қазақстан бойынша 1 млн 700 мың зерттеу жасалды. Оның 971 мың зерттеуі Ұлттық сараптама орталығында, қалғаны жеке медициналық мекемелер мен медициналық ұйымдардың зертханаларында тіркелген», - дейді Сұлтанғазиев.
Сондай-ақ комитет басшысы Үкімет алдағы уақытта өз резервінен тағы да 1,2 млн дана тест сатып алуды жоспарлап отырғанын айтты. Бірақ, ол үшін Үкімет резервінен қанша қаражат бөлінетінін нақтылаған жоқ.