Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
«Қазақстан салғырт қарап отыр»: Сенат депутаты TikTok-ты бұғаттау керек деп дабыл қақты
Жаңалықтар

«Қазақстан салғырт қарап отыр»: Сенат депутаты TikTok-ты бұғаттау керек деп дабыл қақты

16.02.2024
1 мин
0
521
Фото: dexerto.com

Сенатор Әлішер Сатыбалды Tiktok желісіне қатысты Батыс пен көрші елдерде шектеу шаралары енгізілгенін, бірақ Қазақстанның бұл мәселеге салғырт қарап отырғанын мәлімдеді.​

Оның айтуынша, ондағы мазмұн да әртүрлі, оның ішінде толық қалыптасып үлгермеген балалар мен жасөспірімдердің сана-сезіміне зиян тигізуі мүмкін.

«Өткен аптада ақтөбелік тұрғын әлі етегін жинап үлгермеген 8-11 жас аралығындағы қаракөздеріміздің жалаңаш фотоларын порно сайтта саудалағаны белгілі болды. Бұл – өрімдей жастарымыздың ғаламтордағы қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмай отырғанымыздың айқын көрінісі. Қаскөй өз құрбандарын TikTok әлеуметтік желісінде құрығына түсіріп отыруының басты себебі – бақылаудың әлсіздігі. Статистика желі қолданушыларының 75%-ы 13-24 жас арасындағы азаматтар екенін көрсетті. Тіпті 4-5 жасар балалардың өзі күнделікті орташа 75 минутын желідегі видеоларды көрумен өткізеді екен», – деді ол.

Алишер Сатвалдиев бұл ретте, шара қабылдауды ұсынды.

«Көтеріліп отырған мәселе өскелең ұрпақтың тағдырына теріс әсер етенінін ескере отырып, шұғыл шаралар қабылдау керек деп есептейміз. Осы орайда TikTok және өзге де әлеуметтік желі әкімшілігі тарапынан ұлттық заңнамамыздың талаптарын орындауы және кәмілетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысына мониторинг жүргізу керек. Анықталған кемшіліктер бойынша халықаралық тәжірибеге сүйеніп, тиісті шаралар қабылдауды ұсынамыз. Сонымен қатар TikTok платформасының батыстық үлгісіне сай жаңа функциялары мен алгоритмдерін біздің елде енгізілуін, интерфейстегі шағым беру нұсқаларына ұлттық құндылықтарға жат және адами қасиеттердің жоғалуына себеп болатын материал тетіктерін қосу, тікелей трансляцияларға жас ерекшелігін айқындайтын және жас санаттарын көрсететін белгілерді қоюды талап ету қажет. Осы және өзге талапты орындамаған жағдайда ел аумағында платформа жұмысын тоқтату шараларын қарастыру орынды деп білеміз», – деді сенатор.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл