Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасы Түркия Республикасына қосымша гуманитарлық көмек көрсетеді.
Бұл мәселе ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдің төрағалығымен өткен Үкіметтік комиссияның отырысында талқыланды, деп хабарлайды Dauletten.kz Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.
Гуманитарлық көмекте жалпы салмағы шамамен 55 тонна болатын киім-кешек (жылы күртешелер мен шалбарлар), қысқы шатырлар, металл кереуеттер, төсек-орын жабдықтары және басқа да күнделікті қолданысқа қажетті заттар бар.
Жүктер әуе көлігімен Түркияның Газиантеп қаласына жөнелтіледі.
Қазақстан биыл ақпан айының басында болған жойқын жер сілкіністерінің салдарын жоюда Түркияға қолдау көрсетуде.
Фото: Baq.kz