464.73
546.57
6.19
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстан экологияны ұлттық басымдыққа айналдырды: Тоқаев нақты жоспарларды атады
Жаңалықтар

Қазақстан экологияны ұлттық басымдыққа айналдырды: Тоқаев нақты жоспарларды атады

22.04.2026
мин
0
98
Сурет: Ақорда

Қазақстан экологиялық қауіпсіздікті мемлекеттік саясаттың өзегіне айналдырып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдің жасыл даму бағыты мен энергетикадағы ауқымды жоспарларын жариялады, — деп хабарлайды Dauletten.kz. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда қоршаған ортаны қорғау мәселесі заңнамалық деңгейде ерекше маңызға ие екенін атап өтті. Оның айтуынша, жаңа Конституцияда экологиялық жауапкершілік мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттарының бірі ретінде бекітілген.

Мемлекет басшысы экологияны тек қоршаған ортаны сақтау емес, елдің ұзақмерзімді дамуы мен ұлттық сананың ажырамас бөлігі ретінде қарастыру қажет екенін айтты.

Қазіргі таңда Қазақстан бірнеше маңызды бағыт бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр. Атап айтқанда, елде экологиялық таза энергия көздеріне көшу, биоалуантүрлілікті сақтау, тозған жерлерді қалпына келтіру және су ресурстарын тиімді басқару шаралары қолға алынған. Сонымен қатар су үнемдеу саясаты енгізіліп, экология саласындағы халықаралық және өңірлік ынтымақтастық нығайтылуда.

Президенттің пікірінше, мұндай ауқымды міндеттерді бір ғана елдің күшімен жүзеге асыру мүмкін емес. Сондықтан Қазақстан жаһандық деңгейде әріптестікті күшейтуге басымдық береді. Бұл бағытта жаңа технологияларды енгізу мен тұрақты даму жобаларына ұзақмерзімді инвестиция тарту негізгі құрал ретінде қарастырылады.

Сонымен қатар Тоқаев энергетика саласындағы жоспарларға да тоқталды. Қазақстан 2030 жылға қарай жаңартылатын энергия көздерінің үлесін 15 пайыздан асыруды көздеп отыр. Қазірдің өзінде бұл көрсеткіш 7 пайыздан асқан.

Ел мұнай-газ ресурстарына бай болғанымен, тұрақты энергетика бағытынан бас тартпайды. Қазақстан көміртексіз энергетиканы дамытуға мүдделі екенін көрсетіп отыр.

Бүгінде алғашқы атом электр станциясының жобасы қарастырылуда. Сонымен қатар жылу электр станцияларын «таза көмір» технологиясы арқылы жаңғырту жоспарланған.

Осының нәтижесінде ірі энергетикалық нысандардан бөлінетін зиянды шығарындыларды 35 пайызға дейін қысқарту көзделіп отыр.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл