Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
2020-2021 жылдардағы пандемиядан кейін Қазақстанда туу көрсеткіші төмендеді, деп хабарлайды Dauletten.kz Ranking.kz сайтына сілтеме жасап.
Сайттағы зерттеу дерегіне сүйенсек, Қазақстанда соңғы 20 жылда алғаш рет жаңа туған нәрестелер бір жылда 9,5% азайды. Былтыр 403,9 мың сәби дүниеге келді, бұл 2021 жылғы көрсеткіштен 42,6 мыңға аз. Ол кезде көрсеткіш айтарлықтай жоғары болған. Сонымен бірге, 2020 және 2021 жылдардағы пандемияда туу көрсеткішінің жоғарылағанын атап өткен жөн. Осы нәресте бумының фонында 2022 жылғы көрсеткіштер азайған сияқты көрінгенімен, шын мәнінде көрсеткіш 2019 жылғы ковидке дейінгі деңгейіне оралды.
«Бала туу көрсеткіші бойынша Қазақстанның өңірлерін екі санатқа бөлуге болады: статистика жоғары көрсеткіштерді тіркейтін оңтүстік және батыс, сондай-ақ жаңа туған нәрестелер әлдеқайда аз солтүстік, шығыс және орталық.
2022 жылы туу көрсеткіші бойынша өңірлер рейтингінде бірінші орында 28,5 көрсеткішпен Маңғыстау облысы тұр. Еске салайық: ел бойынша орташа көрсеткіш, 20,6 коэффициенті. Екінші орынды халқы тығыз Түркістан облысы (27,7), үшінші орынды Шымкент қаласы (27,1) иеленді. Ал аутсайдерлер қатарында Солтүстік Қазақстан (11), Қостанай (12,4) және Шығыс Қазақстан (13) облыстары», - делінген ақпаратта.
фото: 1zoom.ru