Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда 2024–2030 жылдарға арналған мұнай-газ химиясын дамыту жөніндегі Жол картасы әзірленді
Жаңалықтар

Қазақстанда 2024–2030 жылдарға арналған мұнай-газ химиясын дамыту жөніндегі Жол картасы әзірленді

14.10.2024
1 мин
0
109
Сурет: Энергетиа министрлігі

Энергетика министрлігі "2024–2030 жылдарға арналған мұнай-газ химиясын дамыту жөніндегі Жол картасын" әзірледі, оған шикізатпен қамтамасыз етуден бастап түпкі өнім шығаруға дейінгі іс-шаралар кіреді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Жол картасының мақсаты – мұнай-газ химиясы саласын дамыту және осы саладағы жобаларды іске асыруға жәрдемдесу.

Жол картасының аясында келесідей шаралар көзделеді:

  • 2023 жылғы 357,8 мың тоннадан 2030 жылға қарай 1,8 млн тоннаға дейін мұнай-газ химия өнімдерінің өндіріс көлемін ұлғайту;
  • мұнай-газ химиясы саласында іске асырылатын және жаңа жобаларды қажетті шикізатпен қамтамасыз ету;
  • 14,7 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция тарту арқылы алты жобаны іске асыру, шамамен 3,5 мың тұрақты және 16 мың уақытша жұмыс орнын құру;
  • мұнай-газ химиясы жобалары үшін «НИНТ» АЭА аумағында қажетті инфрақұрылымды салу;
  • мұнай-газ химиясы саласының өнімдеріне өткізу нарықтарын қамтамасыз ету және ішкі тұтынуды ынталандыру;
  • саланың дамуына жағдай жасау үшін ғылыми базаны, адами капиталды жетілдіру, сондай-ақ тиісті нормативтік-құқықтық және техникалық құжаттарды қабылдау.

Жол картасы Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл