Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда әйелдер 61 жастан зейнетке шығатын болады
Жаңалықтар

Қазақстанда әйелдер 61 жастан зейнетке шығатын болады

26.10.2022
2 мин
5
917

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.


Депутат Жәмилә Нұрманбетованың айтуынша, заң жобасы мемлекеттік жастар саясаты саласын жетілдіруге, қоғамдық қатынастарды кешенді реттеудің тиімді құқықтық негізін қалыптастыруға, жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге, жастардың дамуына қолайлы жағдай жасауға бағытталған.


“Заң жобасымен жұмыс барысында депутаттар "жастар" ұғымының жас шегін 29-дан 35 жасқа дейін ұлғайтуға бағытталған түзету енгізді. Бұл - жастардың әлеуметтік белсенділігін арттыруға ықпал етеді. Жергілікті атқарушы органдарға жастарға жеңілдікпен жалға берілетін тұрғын үй тапсыру жөніндегі бағдарламаны әзірлеу және іске асыру бойынша жаңа құзырет беруге бағытталған түзетулер енгізді", - деді депутат Жәмилә Нұрманбетова.


Cондай-ақ депутат заң жобасында бала күтімі бойынша төлемдерді тағайындау кезеңінің ұзақтығын 1,5 жасқа дейін ұлғайту, ең төмен базалық зейнетақы мөлшерін ең төмен күнкөріс деңгейінен – 70% дейін, ең жоғары базалық зейнетақы мөлшерін 120% дейін дәйекті түрде жеткізу, әйелдер үшін зейнеткерлікке шығу жасын 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде бекіту, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін есептеу үшін табыс шегін 46 еселенген айлық есептік көрсеткіштен 55 еселенген деңгейге дейін ұлғайту ескерілгенін айтты.


"Заң жобасы шеңберінде қаралатын мәселелер аясының кеңеюін ескере отырып, депутаттар заң жобасының тақырыбын "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" деп өзгерту жөнінде ұсыныс енгізді", - деп нақтылады Нұрманбетова.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
5 Пікір
В
Вы 27.10.2022
61 жас дегенге келісу қиын. Недеген сұмдық. 55 жас десе бір жөн.
Жауап беру
В
Вы 27.10.2022
61 жас дегенге келісу қиын. Недеген сұмдық. 55 жас десе бір жөн.
Жауап беру
Ж
Жанар 26.10.2022
Мен 61 жаспен келіспеймін????❌ 58 жасты тағайындасын, қазіргі уақытта 50 ден кейін көпшілік әйел адамдардың денсаулығы жоқ ,40-45 тен кейін ешкім жұмысқа алмайды ,айта берсе көп, сол үшін 58 жасты тағайындасын, әйтпегенде 60жастан асқан барлық министр ,депутаттар орын босатсын ‼️‼️‼️‼️
Жауап беру
А
Айжан 26.10.2022
53 жаста шығама 5 баладан жоғары балары бар аналар
Жауап беру
А
Аиса 26.10.2022
Тамара дүйсенова қатырмайд шаршаған алжыған кетсін орнын босатсын. Басы жетпейді оның
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл