Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда әйелдер ипотекасы бойынша 3 миллиардтан астам сомаға 400 өтінім мақұлданды, деп хабарлайды LS.
Ресми ақпаратқа сүйенсек, «Ұмай» әйелдер ипотекасы іске қосылған сәттен бастап 475 өтінім қабылданған. Оның ішінде 3,4 млрд теңгеге 400 өтінім мақұлданды, 2,7 млрд теңгеге 325 адамға несие берілді.
«Бағдарлама Азия даму банкінің 38 млрд теңге мөлшеріндегі қарыз қаражаты есебінен іске асырылады және әйелдердің тұрғын үй жағдайын жақсартуға арналған. Биыл жыл соңына дейін бөлінген 8,4 млрд теңгені игеру жоспарлануда», – деп атап өтті қаржы институты.
Еске сала кетейік, "Ұмай" бойынша қарызды 65 жасқа дейінгі жұмыс істейтін әйелдер мен зейнеткер әйелдер ала алады. Бағдарлама бойынша алғашқы жарна 15%-тен басталады. Несиені 25 жылға дейін рәсімдеуге болады. Пайыздық мөлшерлеме - 12%, кейін тұрғын үй заемына көшу кезінде жылдық 5-3,5%-ке дейін төмендетуге мүмкіндік бар. Бағдарлама аясында 30 млн теңгеге дейін баспана алуға болады.
Тағы көру