Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мемлекет басшысы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунованы қабылдады. Комитет төрағасы ведомствоның 2020 жылы атқарған жұмыстарының негізгі нәтижелері мен алдағы уақытта орындайтын міндеттері жөнінде мәлімет берді.
Наталья Годунованың айтуынша, былтыр есеп комитеті 18 аудиторлық және сараптамалық-аналитикалық іс-шара өткізіп, 47 триллион теңгеден астам қаржыға аудит жүргізген.
«1,8 триллион теңгеге дейінгі бюджет қаржысын тиімсіз жоспарлауға және жұмсауға байланысты заңбұзушылықтар 1,5 есе, 81 миллиард теңгеге дейінгі қаржылық заңбұзушылықтар 2 есе өскен», – делінген хабарламада.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа пандемия кезінде экономиканы қолдау мақсатында дағдарысқа қарсы күреске бөлінген қаржының тиімді жұмсалуын бақылау жөніндегі мемлекет басшысының бұған дейін берген тапсырмасының іске асырылу барысы баяндалды. Сондай-ақ квазимемлекеттік сектордағы активтердің тиімді басқарылуына жүргізілген бағалау жұмыстары жайында айтылды.
Кездесу соңында президент есеп комитетінің төрағасына бірқатар нақты тапсырма берді.
Атап айтқанда, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары қызметін жетілдіруді міндеттеді.
Дереккөз: sputnik.kz
Тағы көру