Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда электр энергиясының тарифтері өседі
Жаңалықтар

Қазақстанда электр энергиясының тарифтері өседі

31.07.2025
1 мин
1
399
Сурет: eprussia.ru

2025 жылғы 1 тамыздан бастап елімізде электр энергиясының тарифтері қымбаттайды. Бұл туралы Энергетика министрінің тиісті бұйрығы жарияланды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Баға көрсеткіші аймақ пен қызмет көрсететін компанияға байланысты өзгеріп, орта есеппен 2 теңгеге жоғарылайды. 

Telegram желісіндегі “Юрист ПАРАГРАФ” арнасы таратқан ақпаратқа сәйкес, келесі энергия өндіруші ұйымдар тарифтерді көтереді:

  • Т.И. Батуров атындағы Жамбыл МАЭС – 22,58 теңгеден 23,25 теңгеге;
  • Ақтөбе ЖЭО – 17,54 теңгеден 18,19 теңгеге;
  • “Жайықтеплоэнерго” АҚ – 13,25 теңгеден 13,95 теңгеге;
  • МАЭК-Қазатомөнеркәсіп – 22,16 теңгеден 23,26 теңгеге;
  • “Кристал Менеджмент” АҚ – 15,27 теңгеден 16,09 теңгеге;
  • “Ақтөбе рельс-арқалық зауыты” ЖШС – 21,11 теңгеден 23,58 теңгеге;
  • “З-Энергоорталық” – 16,77 теңгеден 18,46 теңгеге;
  • “Қызылорда жылу-энергетика орталығы” – 12,10 теңгеден 13,13 теңгеге;
  • “Батыс Пауэр” ЖШС – 15,89 теңгеден 17,63 теңгеге;
  • “Karabatan Utility Solutions” ЖШС – 10,67 теңгеден 13,06 теңгеге;
  • “OzenMunaiProm” ЖШС – 26,92 теңгеден 28,68 теңгеге;
  • “ТНК Қазхром” АҚ – 10,67 теңгеден 11,65 теңгеге;
  • “ССГПО” АҚ – 18,82 теңгеден 18,94 теңгеге дейін өседі.

Дереккөздің мәліметінше, энергия өндіруші ұйымдардың 63-тобына арналған тариф 1 кВт/сағ үшін 44,02 теңге болып белгіленді.

Яғни, электр энергиясын жеткізуші кәсіпорындар үшін тарифтер қымбаттайды. Бұл өзгеріс, тиісінше, тұтынушылар үшін де бағаның өсуіне әкелуі мүмкін.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
М
Макпал 31.07.2025
Уже 48т төледік ғой алдыңғы айда
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл