Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда еңбек ақы өсімі байқалды: орташа табыс 429 мың теңгеге жетті
Жаңалықтар

Қазақстанда еңбек ақы өсімі байқалды: орташа табыс 429 мың теңгеге жетті

26.01.2026
мин
10
451
Сурет: Qazyr.kz

Қазақстанда жалақы көлемі өсіп келеді. Ресми статистикаға сәйкес, 2025 жылдың үшінші тоқсанында елдегі орташа айлық табыс 429 мың теңгеден асты, - деп хабарлайды Dauletten.kz. 

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы еңбек нарығына қатысты 2025 жылдың III тоқсаны бойынша жаңартылған деректерді жариялады.

Ресми мәліметке сәйкес, елдегі жұмыс күші саны 9 778 691 адамды құрайды. Оның 7 155 420-сы жалдамалы қызметкер ретінде түрлі салада еңбек етіп жүр.

Аталған кезеңде республика бойынша орташа айлық жалақы 429 368 теңгеге жеткен. Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен 10 пайызға жоғары. Сарапшылар мұны жекелеген салалардағы еңбекақының өсуімен және экономикалық белсенділіктің артуымен байланыстырады.

Сонымен бірге, жалақының медианалық мөлшері 302 584 теңге болды. Яғни, қазақстандықтардың жартысы осы сомадан төмен, ал жартысы одан жоғары жалақы алады. Бұл көрсеткіш елдегі нақты табыс деңгейін бағалауда маңызды саналады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
10 Пікір
Р
Раушан 26.01.2026
Айлығымыз 232 мың Алматыда тұрамыз ком услуга 62 мың айына студент баламыз бар 150 мың төлейміз оқуға айына.2 балам дайын отыр оқуға солай кун көреміз.
Жауап беру
А
Анар 26.01.2026
Осы айлықтың жартысын да алмаймыз ғой
Жауап беру
А
Айгерім 26.01.2026
Осы орташа есеп дегенді қайдан алады екен, бізде ауылда 70-80 алатындар Бар, өтірік статистика дей бермей, ашуым келеді осы біздің депутаттардың өздерін осындай айлыкка отырғызып қою керек, көрер едім қалай күн көретінін, отырып алып жаңалық ашпай...
Жауап беру
А
Айгуль 26.01.2026
Ия косылады деген сыбыс шыкса , Базардын багасы Айга жетедигой ширкиииннн , кайдагы косылган, шет елде Еден жуушыларды биринши курметтейди, биздин Штрафстанда Еден Жуушы кисини енннн сонгы санатка кояды ееехххх кайран Оз Туган елимайййй Казакстан емес Штрафстан болдынгой, Халык Камы емес , Оз Кара басыннын карнын тойдырган ел болдыккой????????
Жауап беру
B
Boat 26.01.2026
Иии қойыңдар неғыса айлық қосылған жоқ осыны естіп алған кәсіпкерлер 1+1 баға қойып қойған. Өлу де не варянт асың жетің жерлеуіңе де көп ақша керек. Қалай өмір сүреміз ????
Жауап беру
Н
Нурсауле Мамыкова 26.01.2026
Халыққа қызмет көрсету орталығының әлеуметтік бөлімінде қызмет жасаймын айлығым 191250 тг қолға алатыным 156000 тг 2022 жылдан бері өзгерген жоқ.
Жауап беру
Н
Нурлыга 26.01.2026
Айлық табыс емес , азық түлік пен комуналдық қызмет бағасы өсімі байқалады десей????‍♀️
Жауап беру
А
Айнур 26.01.2026
Қайдағы осу ешқандай айлық өскен жоқ базарда барлық затқа қосыптастаған алатын айлығымыз 150000 комуналный ға қосылған
Жауап беру
Ш
Шынарай 26.01.2026
Мынау қай жақтың көрсеткіші, тіпоі айлығымыз 200000 мыңға жетпейді, в3 пен есептейді, дұрыс анализ жасап сұраңшиш халықтан
Жауап беру
Ж
Жанар 26.01.2026
Бундай айлыкты кай онирлер алып жатыр екен. Туркестан да бундай айлык жок. Неге отирик акпарат бересиздер.
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл