Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда есірткі және психотроптық препараттардың тізімі кеңейтілді
Жаңалықтар

Қазақстанда есірткі және психотроптық препараттардың тізімі кеңейтілді

30.01.2024
1 мин
0
533
Фото: polymerh.ru

Қазақстанда есірткі және психотроптық препараттардың тізімі кеңейтілді, деп хабарлайды Dauletten.kz, ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Қазақстанда бақылауға жататын есірткі және психотроптық препараттардың тізімі кеңейтілді. Тізімге 8 жаңа позиция қосылды. Үкіметпен психоактивті заттардың 8 атауымен бір прекурсорды және олардың қылмыстық мөлшерін айқындай отырып, мемлекеттік бақылауға енгізу жөнінде кезекті қаулы қабылданды.

Бұл Пара-флюорофентанил, Брорфин, Метонитазен есірткі заттары: 3-метоксифенциклидин, Эвтилон, Клоназолам, Диклазепам, Флубромазолам психотроптық заттар және 4-метилпропиофенон есірткі өндірісінде қолданылатын Прекурсор.

«Аталған заттар Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімімен Еуразиялық экономикалық одақта бақылауға жататын есірткілер тізбесіне енгізілген. Бұл олардың бақылаудағы заттардың ұлттық тізіміне енуіне негіз болды», – деп бөлісті ІІМ-де.

Ведомство атап өткендей, 2019 жылы Үкіметке есірткі тізімін бекіту құзыреті берілгеннен бастап, тізім 154 жаңа психоактивті заттармен толықтырылды, оның ішінде 125 есірткі және психотроптық заттар және 29 прекурсорлар. Қазіргі уақытта есірткіні тізімге енгізу процедурасы шамамен бір айға созылады. Бұл үшін заттар Еуразиялық одақ елдерінің тізбелерінде немесе БҰҰ-ның есірткіні бақылау жөніндегі Халықаралық Комитетінің ұсынымда болуы жеткілікті.

Айта кетейік, Қазақстанда азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін 700-ге жуық белгілі есірткі түрі бақыланады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл