Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда картоп пен қызылша егісі ұлғайтылады – АШМ
Жаңалықтар

Қазақстанда картоп пен қызылша егісі ұлғайтылады – АШМ

26.03.2024
1 мин
0
527
Фото: egemen.kz

ҚР Үкіметінің отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров егіс науқанына дайындық барысы туралы баяндады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

АШМ мәліметі бойынша, биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының болжамды егіс алқабы 23,8 млн гектар болып отыр. Бидайға 13,3 млн гектар егістік алаңдары бөлінген. Сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар және жоғары рентабельді дақылдар алаңдарын ұлғайту жоспарлануда.

«Майлы дақылдар алаңын 385 мың гектарға ұлғайту жоспарлануда, бұл жалпы егіс алаңын 3,2 млн гектарға дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Оның ішінде күнбағыс сияқты әлеуметтік маңызы бар дақыл алаңын 60 мың гектарға ұлғайтып, 1,2 млн гектарға дейін жеткізілмек», — деді министр.

Суармалы сумен қамтамасыз етуде туындайтын проблемаларды ескере отырып, ылғалды көп қажет ететін дақылдар алаңдарын қысқарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, мақта алқаптарының 16 мың гектарға, күріш алқаптарының 6,4 мың гектарға қысқаруы болжануда.

«Жалпы, астық дақылдары, көкөніс-бақша дақылдары, картоп бойынша жоспарланған алаңдар ішкі нарықтың қажеттіліктерін толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», — деп атап өтті А. Сапаров.

Бұдан бөлек азықтық дақылдар алаңын 68 мың гектарға ұлғайтып, оларды 3,2 млн га дейін жеткізу жоспарлануда.

Жаппай егіс науқаны биыл мамыр айының екінші онкүндігінде басталады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл