Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Асхана (10,7 пайызға, 1,3 мың теңгеге дейін), валюта айырбастау пункттері (9 пайызға, 6,9 мың теңгеге дейін), фитнес-клубтар мен жаттығу залдарын (8,8 пайызға, 1,3 мың теңгеге дейін) жалға алу бағасы да өсті.
Кеңсені жалға алудың бір шаршы метр үшін 1,4 мың теңгеден 4,4 мың теңгеге дейін құбылып отыр. D санатындағы қойма үшін жалға алу 679 теңгеден А санатты қойма үшін 2,9 мың теңгеге дейін қымбаттаған.
Жалпы, биыл мамырдың қорытындысы бойынша, коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға беру бағасы бір жылда 4,8 пайызға артты.
Сондай-ақ сәуірмен салыстырғанда жалдау құны бір айда, керісінше, 0,3 пайызға төмендеген. Атап айтқанда, Шымкент (6,5 пайызға ), Павлодар (0,7 пайызға ) және Алматы (0,5 пайызға) облыстарында тіркелген. Ал керісінше, өсім Астана мен Түркістан облысында 0,3 пайыз байқалды.
Маңғыстауда коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға беру – 44,3 пайыз, Атырау облысында – 34,1 пайыз, Шығыс Қазақстан облысында 12 пайызға қымбаттады.
Әкімшілік-офистік мақсаттағы үй-жайды жалдау бір айда 0,4 пайызға қымбаттады. Паркингтерді жалға алу бағасы өзгеріссіз қалды. Мейрамханалар мен тамақтану орындарын жалға алу құны 0,1 пайызға, өндірістік үй-жайлар – 0,2 пайыз, қойма – 0,5 пайыз, тұрмыстық қызмет көрсету пункттері – 0,6 пайыз, сауда орындары 0,9 пайызға арзандаған.