Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Биыл сәуір айының қорытындысы бойынша Қазақстанда коммерциялық кеңселер мен ғимараттарды жалға алу құны наурыз айымен салыстырғанда 5,1 пайызға (2019 жылдың сәуір айымен салыстырғанда – 4,8%) арзандаған деп хабарлады Ranking.kz.
Қазақстандағы 17 өңірдің тек төртеуінде ғана ғимарат пен кеңсені жалға алу құны аз ғана қымбаттаған. Мәселен, Түркістан облысында – 0,8%, БҚО, Қызылорда облысы және Шымкентте баға 0,1 пайызға өсті. Ал, бағаның құлдырауы Атырау облысында тіркелген. Кеңсе мен коммерциялық ғимаратты жалға алу құны мұнда 33,1%-ға арзандаған.
Жалпы, сәуір айында сауда нысандарының арендасы айтарлықтай арзандаған – 9,6%. Сонымен қатар, тамақтануға арналған ғимараттарға да сұраныс төмендеп, оны жалға алу құны орта есеппен 5,3 пайызға төмендеді.
Қазақстан риелторлары қауымдастығы таратқан мәліметке сәйкес, алдағы уақытта коммерциялық нысандарды жалға алу құны одан әрі арзандай беруі мүмкін. Өйткені, жұмыс берушілердің көбі пандемия уақытында қашықтан жұмыс істеудің тиімді тұстарын көрді. Яғни, кеңселерді жалға алуға сұраныс төмендеуі ықтимал.