Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда МӘМС жарналарын төлеу және қайтару тәртібі өзгерді
Жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жарналарын төлеу және қайтару тәртібі өзгерді

26.03.2025
1 мин
0
101
Сурет: zhaiykuni

Қазақстанда Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жарналарын есептеу және қайтару қағидаларына өзгерістер енгізілді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Ержан Нұрлыбаев 2017 жылғы 30 маусымдағы № 478 бұйрыққа түзетулер енгізіп, жаңартылған ережелерді бекітті. Құжатта МӘМС жарналары мен аударымдарын есептеу, ұстау және аудару тәртібі, сондай-ақ артық немесе қате төленген сомаларды қайтару рәсімі айқындалған.

Жарналар мен аударымдарды аудару тәртібі
Жаңа ережелерге сәйкес, жарналар мен аударымдар мемлекеттік корпорацияға аударылады, ол қаражатты МӘМС қорына бағыттайды. Бұл ретте мемлекеттік корпорация мынадай мәліметтерді көрсетеді:

  • Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН);
  • Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
  • Аударылған жарна және (немесе) аударым сомасы;
  • Төлем жасалған кезең (жыл, ай).

Сонымен қатар, жиынтық төлем тапсырмаларын рәсімдеуге қойылатын талаптар нақтыланды. Төлеушінің ЖСН-і мен төлем кезеңін көрсету міндеттелді. Қағаз түрінде берілетін төлем тапсырмаларында бұл деректер “Төлемнің мақсаты” бағанында, ал электронды форматта — арнайы “ААЖЖЖЖ” жолағында көрсетіледі. Мемлекеттік корпорация аталған мәліметтерді МӘМС қорына электрондық форматтағы жиынтық төлем тапсырмасымен бірге жібереді. Қорға түскен аударымдар үш жұмыс күні ішінде оның шотына аударылады.

Қате аударылған төлемдерді қайтару тәртібі

Құжатта артық немесе қате аударылған төлемдерді қайтару рәсімі де нақты көрсетілген. Атап айтқанда, жеңілдік санатындағы азаматтар үшін артық төленген сомаларды және белгіленген лимиттен жоғары жарналарды қайтару қарастырылған. Мемлекеттік корпорация қаражатты мынадай жағдайларда қайтарады:

  • Төлеуші немесе банк қордың шотына екі немесе одан да көп рет қате аударса;
  • Артық есептелген жағдайда (ішінара қайтару);
  • Жарналарын мемлекет төлейтін адамдар үшін қате аударылған төлемдер болса;
  • Төлем мақсатының коды дұрыс көрсетілмегенде;
  • Алушының деректемелері (ЖСН, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)), төлем жүргізілген кезең қате көрсетілсе;
  • Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратындарды, қандастарды және халықаралық шарттарға сәйкес уақытша келгендерді қоспағанда, шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар үшін қате төлем жасалса.

Жаңартылған ережелер МӘМС жарналарын төлеу процесін нақтылауға және қате аударымдарды қайтару тәртібін жүйелеуге бағытталған.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл