| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда қылмысқа күдіктелген азаматтарға ұсталған сәттен бастап олардың негізгі құқықтары түсіндірілетін болады. Бұл бастама тергеу әділдігін арттырып, адвокат шақыру, үнсіз қалу және өз сөзіне қатысты құқықтарды нақты қорғайды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
«Миранда ережесі» алғаш АҚШ-та пайда болып, полицияға күдіктіні қамауға алмас бұрын құқықтарын түсіндіруді міндеттейді. Қазақстанда ереже 2015 жылдан бері қылмыстық-процестік істерде ғана қолданылады.
Мәжіліс депутаты Абзал Құспан хабарлағандай, «Миранда құқығы» алғаш рет 1966 жылы АҚШ-та қаралған атышулы сот ісінен бастау алған. Сол кезде Эрнесто Миранда Аризона штатында ауыр қылмыс жасады деп айыпталып, өз құқықтары алдын ала хабарланбағанын алға тартып сотқа жүгінген. Нәтижесінде АҚШ Жоғарғы соты ұстау кезінде күдіктінің құқықтарын міндетті түрде ескерту керек деген шешім шығарған.
Абзал Құспанның айтуынша, Қазақстанда бұл қағиданы Конституцияға енгізу күдіктілердің құқықтарын қорғаудың жаңа деңгейін қалыптастырады. Енді ұсталған адам:
Адвокат шақыруға құқылы, егер қаржы мүмкіндігі болмаса, мемлекет қорғаушы береді;
Жауап беруден бас тартуға құқылы;
Айтқан сөзі өзіне қарсы дәлел ретінде қолданылуы мүмкін екенін білуі тиіс.
Егер бастапқы құқықтар түсіндірілмесе, тергеу немесе сот барысында жинақталған дәлелдер заңсыз деп танылуы мүмкін. Осылайша, жаңа норма тергеу әділдігін қамтамасыз етіп, азаматтардың негізгі құқықтарын нақты қорғайды.