Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елімізде оқу үлгерімі төмен 500 мыңға жуық бала бар. Бұл туралы педагогтердің республикалық тамыз конференциясында Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты.
«Елімізде «Цифрлық педагог» жобасы басталады. Қазіргі кезде оқу үлгерімі төмен 500 мыңға жуық бала бар. Осы балаларды аталған жобамен қамтитын боламыз. Оқу үлгерімі төмен балалар үшін әр жұма сайын бірнеше пән бойынша қосымша сабақтар беріледі», - деді А. Аймағамбетов.
Осы орайда ол бұл балаларға психологтар да көмектесетінін айтты.
«Бұл жобаны жаңа оқу жылынан бастап еліміздің барлық өңірінде енгіземіз», - деді ведомство басшысы.
Тағы көру