Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев өртті өшіруге арналған әуе техникасы жайында түсінік берді, деп хабарлайды Dauletten.kz.
ҚазАқпарат мәліметінше, бүгін Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер вице-министрден өртті сөндіруге арналған әуе техникасы жайында сұрақ қойды.
«Бізде тек 33 тікұшақ бар. Соның арасында су шашып, өрт сөндіретін 16 тікұшақ жасақталған. Қалғандары іздестіру жұмыстарына, барлау жұмыстарына арналған», - деді Ибрагим Күлшімбаев.
Оның айтуынша, бір мезгілде барлық тікұшақты пайдалану мүмкін болмайды. Өйткені кейбірі жоспарлы немесе регламенттік жөндеуге кіргізіледі.
«Сондықтан олардың тең жартысы жөндеуде болады. Бізде ұшақтар жоқ. Бұл әуе көлігіне ақша сұрадық, алайда қаражат қарастырылмады. Сондықтан ұшақ сатып алған жоқпыз», - деді вице-министр.
Фото: ғаламтордан