Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда орташа жалақы өсті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді.
"Қазақстанда 2022 жылдың 4-тоқсанында атаулы жалақының орташа мәні 338 715 теңге болды. 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 22,9 пайызды, нақты мәнде 2,8 пайызды құрады", - делінген хабарламада.
Бұл ретте, жалақының медианалық мәні (еңбекақы диапазонының орталық деңгейі) бағалаулар бойынша 2022 жылдың 4-тоқсанында 204 168 теңге.
Бір жылда орташа айлық жалақы құрылыс саласында – 42%, тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсетуде – 32,6%, ақпарат және байланыста 31,9% өсті. Ал түрлі қызмет көрсету саласында керісінше, 2,4% төмендеген.
Өңір бойынша ең жоғары өсімі Ұлытау облысында тіркелді - 35,2 пайыз. Ең төменгі өсім Алматы облысында - 6,5 пайыз.
Фото: sputnik.kz