Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда өткен қаңтар айында үйді сату және жалға алу құны өсті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросынан мәлім етті.
Тұрғын үй нарығында баға бір ай ішінде (2022 жылғы желтоқсан - 2023 жылғы қаңтар) жаңа үйге – 0,7%, қолданыстағы үйге 0,3% өсті. Жалға беру құны 2,5% қымбаттады.
Қаңтарда баспананың 1 шаршы метрінің орташа бағасы келесідей болды:
- жаңа үй – 481 891тг;
- қолданыстағы үй – 515 019 тг;
- жалға берілетін үй – 4 671 тг
Айта кетейік, бір жылда (2022 жылғы қаңтар – 2023 жылғы қаңтар аралығында) қолданыстағы пәтерді қайта сату бағаcы – 18,7%, жаңа баспананы сату 14% қымбаттады. Ал абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу құны34,3% артты.
Өңірлер бойынша бір жылда жаңа пәтерлер келесі қалаларда едәуір қымбаттады: Ақтау – 28,2%, Ақтөбе – 25,4%, Петропавл – 20,9%.
Қолданыстағы пәтерлер ең көп қымбаттаған қалалар: Семей (46,8%), Қызылорда (38,8%), Ақтөбе (37,3%), Ақтау (35,4%), Талдықорған (32,9%), Қостанай (31%).
Баспана арендасы ең көп қымбаттаған қалалар: Қостанай (55,6%), Көкшетау (55,1%), Алматы (50,7%).
Фото: Aikyn.kz