Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда “Пиротехника” жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды
Жаңалықтар

Қазақстанда “Пиротехника” жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

25.12.2023
1 мин
0
352
Фото: polisia.kz

Ішкі істер министрлігі 25 желтоқсан мен 3 қаңтар аралығында Төтенше жағдайлар министрлігінің азаматтық қорғау бөлімшелерімен бірлесіп, “Пиротехника” жедел-профилактикалық іс-шарасын бастады, – деп хабарлайды Dauletten.kz, Polisia.kz сілтеме жасап.

– Аталған іс-шара нарықтарда сертификатталмаған пиротехникалық бұйымдарды, сондай-ақ оларды рұқсатсыз бей-берекет сату фактілерін анықтауға және жолын кесуге бағытталған. Іс-шаралар барысында пиротехникалық бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау тәртібіне назар аударылатын болады. Кәмелетке толмағандардың пиротехникалық бұйымдарды пайдалануы кезінде жарақат алмауына ерекше көңіл бөлінеді. Бұл ретте мектептерде оқушылармен тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, – деді ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Асылбек Ыдырысов.

Қауіпсіздік мақсатында пиротехникалық бұйымдарды сатуға лицензиялары бар мамандандырылған дүкендер мен сауда орындарынан ғана алған дұрыс. Пиротехниканы сатып алу кезінде ең алдымен сатушыдан өнімге сәйкестік сертификатын талап ету қажет. Әрбір пиротехникалық бұйым үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде оны қолдану жөніндегі нұсқаулық болуы қажет.

  • Еркiн сауда жасауға Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынған немесе шектелген тауарлармен және өзге де заттармен сауда жасағаны үшін 86 250 теңге мөлшерiнде айыппұл салынады (ӘҚБтК 196-бабы).
  • Жеке тұлғалардың тыныштығын, белгiленген тәртiптi пиротехниканы қолдана отырып бұзғаны үшін 69 000 теңге мөлшерiнде айыппұл салынып, пиротехникалық бұйымдар тәркiленеді (ӘҚБтК 436-бабы).
  • Адамдардың қалыпты демалысы мен тыныштығына кедергі келтіретін, жұмыс күндері сағат 22:00-ден таңғы 9:00-ға дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23:00-тен таңғы 10:00-ға дейін тыныштықты бұзғаны үшін жеке тұлғаларға – 17 250 теңге, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 69 000 теңге, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 103 500 теңге, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 345 000 теңге мөлшерінде айыппұл салынады (ӘҚБтК 437-бабы).


 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл