Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда планшет өндіріледі
Жаңалықтар

Қазақстанда планшет өндіріледі

01.11.2022
1 мин
0
1260

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин планшет өндірісін іске қосу механизмін түсіндірді. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

«Біз отандық өндіріске сұраныс тудырғымыз келеді. Егер сұраныс болмаса, онда бұл планшеттерді ұйымдастыру да қажет болмайды. Қазір Петропавлда Киров атындағы зауытта және ақпараттық технологиялар паркінде ноутбуктер мен компьютерлер құрастырылады. Бұл өндірістер жолға қойылды, енді планшеттерге сұраныс туғызуымыз керек», - деді Бағдат Мусин Үкімет кулуарында тілшілерге берген сұхбатында.

Оның айтуынша, сатып алу ұялы байланыс операторлары арқылы жүргізіледі.

«Планшеттер жеңіл және оған бәрі үйреніп қалған. Біз халықаралық тәжірибені зерттедік, көптеген елдер планшеттеуге көшіп жатыр. Сұраныс тудыру үшін біз бұл зауыттарды салуға ақша бөлмейміз. Ұялы байланыс операторлары арқылы сатып алынатынын жарияладық», - деді министр.

Бұған дейін Бағдат Мусин оқушылардың сөмкесін жеңілдету үшін планшетті жалға беруді ұсынған еді.

Министрдің айтуынша, мұндай әдіс бірқатар дамыған елдерде, оның ішінде Ұлыбритания, Норвегия, Оңтүстік Корея және Түркияның мектептерінде жақсы нәтижеге әкелді.

Бұған қоса, оқушылар үшін шығармашылық пәндер бойынша өз контентін жасауға мүмкіндік береді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл