Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
«Қандас мәртебесін беру туралы өтініш Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемесі арқылы, «Құтты мекен» АЖ мобильдік қосымшасы арқылы берілетін болса, енді бұл қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы да жүзеге асады, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:
1. Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемесі не Мемлекеттік корпорация арқылы қандас мәртебесін беруге жергілікті атқарушы органның келісімі негізінде жалпы тәртіппен мәртебе және мәртебе алу үшін:
Салыстырып тексеру үшін құжаттар түпнұсқада және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары (өмірбаянын қоспағанда) өтініш берушіге қайтарылады.
2. Мәртебені ұзарту үшін:
3. Қандас куәлігінің телнұсқасын және қандас мәртебесін ұзарту туралы шешімді беру:
«Ішкі істер органдарының, ұлттық қауіпсіздік органдарының аумақтық бөлімшелері өтініш берушілердің құжаттар топтамасын алған күннен кейін он жұмыс күні ішінде халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органға өтініш берушінің Қазақстан Республикасының аумағында құқық бұзушылықтар жасағаны туралы айыптаушы мәліметтердің және оның террористік немесе экстремистік ұйымдарға тиесілігі туралы өзге де ақпараттың болуы немесе болмауы туралы ақпарат жібереді», - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған құжат мәтінінде.