Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда қандастарды қолдауға қандай жағдайлар жасалған?
Жаңалықтар

Қазақстанда қандастарды қолдауға қандай жағдайлар жасалған?

15.01.2024
1 мин
4
957
Коллаж: dauletten.kz

2023 жылы 21 325 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 128,3 мың этникалық қазақ оралды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Өткен жылы Қазақстанға келген қандастардың жартысы (50,3%) Өзбекстаннан, 21,5% – Қытайдан, 10,2% – Моңғолиядан, 9,2% – Түрікменстаннан, 6,8% – Ресейден және 2% басқа елдерден.

2024 жылғы 1 қантардағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 60,2%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 30,9%-ды және зейнеткерлер 8,9%-ды құрайды.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 15,3%-ы жоғары білімді, 32,4%-ы орта кәсіби білімді, 44,3%-ы жалпы орта білімді, және 8,3%-ының білімі жоқ.

Қоныс аударған этникалық қазақтар республиканың түрлі өңірлеріне қоныстанды.

Сонымен бірге, қандастарды қоныстандыру үшін келесідей еңбек күші тапшы өңірлер анықталды: Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары.

2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қоныстандыру өңірлеріне 2 337 қандас көшірілді, бұл 2023 жылға бекітілген квотаға сәйкес келеді.

Жоғарыда аталған өңірлерде қоныстанған қандастарға көшуге субсидия түрінде мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады – бір мезгілде отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК (2023 жылы – 241,5 мың теңге) мөлшерінде; тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге – бір жыл ішінде 15-тен 30 АЕК (2023 жылы – 51,7-ден 103,5 мың теңгеге дейін) мөлшерінде.

2023 жылы 2126 қандасқа түрлі қолдау шаралары көрсетілді. Атап айтқанда, 735 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды, 2126 адам біржолғы субсидия алды, ал 694 қандасқа тұрғын үй шығындары субсидияланды.

Сонымен қатар ерікті қоныс аударудың тиімділігін арттыру мақсатында азаматтарды солтүстік өңірлерге қоныс аударуға қатысатын жұмыс берушілерді қолдау бойынша институционалдық шаралар қабылданды. Тұрғын үй сатып алу, салу үшін немесе ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін экономикалық ұтқырлық сертификаты тұрғын үй құнының 50%-ы немесе бір отбасына 4 млн теңгеге дейін мөлшерінде біржолғы өтеусіз және қайтарымсыз негізде енгізілді.

Былтыр пилоттық режимде Қазақстан елшіліктері арқылы «бір терезе» қағидаты бойынша қандас мәртебесін беру тетігі іске асырылды. Пилоттық жоба шеңберінде елімізге бару, жұмыс орны, тұрғын үй беру мүмкіндіктері туралы мәселені шешуге және республика аумағына кірмей-ақ қандас мәртебесін алуға болады. Бүгінгі таңда этникалық қазақтардан жаңа форматта 6 203 өтініш қабылданды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
4 Пікір
А
АЙГУЛЬ 16.01.2024
МЕН КАЗАКСТАН АЗАМАТЫМЫН, БАЛДАРЫМ ОЗБЕКСТАНДА МЕКТЕП БИТИРИП КАЗАКСТАНГА КЕЛДИ, КАЛАЙ ОЛАРГА АЗАМАТТЫК АЛЫП БЕРЕ АЛАМЫН?
Жауап беру
Б
Берікбол 16.01.2024
Монголиядан көшіп келіп Павлодар облысының маңындағы ауылға орналасқан бір ағайын әлі күнге дейін квотасын алмаған.Себебі сізге үкімет тарапынан сұранысыңыз мақұлданбады деп қайтарыпты. Меніңше бұл жерде жемқорлық пактісі орын алып отырған сияқты.Басқа да қандас ағайындар тиесілі өңірлік квотасын алады екен ал мына кісіге квота тимейді.Бұл қалай? Павлодар облысының көші қон басқармасы осы мәселенің шешімін айтсын.
Жауап беру
С
Света 15.01.2024
Балама Гражданства алыу ушин Кандас куалік кажет еди тапсыра алмай жатырмыз 18 жаска толу кажет дейди
Жауап беру
Б
Бану 15.01.2024
Мен қолдайтынына сенбеймін өйткені мен балаларыммен ОҚО нан СҚО көштім қандас емес өз отанымда туған қазақпын тек өңір ауыстырғанымыз болмаса Балық басынан шіриді дегендей Акімдеріңнің өзі местный переселенцы деп бөледі
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл