Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шапкенов Ресейден Қазақстанға еңбек мигранттарының көптеп келуі байқалмайтынын айтты.
"Бүгінде Ресей Федерациясынан және т.б. еңбек мигранттары ағынын көріп тұрған жоқпыз, қазір Қазақстанда 100 мыңға жуық Ресей азаматы бар. Оның 6 мыңы 2022 жылдың басынан бері жұмысқа келген. Жыл сайын Қазақстаннан кететіндер келгеннен гөрі көп екенін көрсететін теңгерім бар", - деді Шәпкенов Сенат отырысында журналистер сұрағына жауап беріп.
Министрге болашақтағы кадрлар мен жұмыс орындары тапшылығының ықтималдығы туралы сұрақ қойылды.
"Әр салада мамандықтар атласын жасадық, 9 жаңа мамандық пайда болды. Әр салада кадр тапшылығы болады. Нарық өзгеріп жатыр, кейбір мамандықтар жойылады, кейбіреулері өзгеруге мәжбүр болады, ал кейбірі жаңадан пайда болады. Мен тіпті "дрон-операторы" мамандығы болады деп ойлаған емеспін. Технологиялар дамып, соған сәйкес мамандықтар да пайда болады. Әр салада кадр қажет болады. Сұранысқа қарай бұл кадрларды дайындау керек", - деп жауап берді Шәпкенов.
Тағы көру