| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда жұмыс берушілер есебінен төленетін қосымша өмірлік зейнетақы жүйесі кезең-кезеңімен енгізіліп жатыр. Бұл бастама миллиондаған азаматтың болашақтағы қаржылық тұрақтылығын арттыруға бағытталған, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қазақстанда зейнетақы жүйесін жетілдіру жұмыстары жалғасып келеді. Осы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын енгізу. Бұл тетік қызметкерлердің болашақтағы әлеуметтік қорғалуын күшейтуді көздейді.
Жаңа жүйенің басты ерекшелігі – жарналардың толықтай жұмыс беруші қаражаты есебінен төленуі. Яғни, қызметкердің жалақысы қысқармайды, ал зейнетақы жинағы қосымша түрде қалыптасады.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, бұл норма барлық жұмыс істейтін азаматтарды қамтуға бағытталған. Әсіресе, жас буын үшін ұзақ мерзімді қаржылық қауіпсіздік қалыптастыруға мүмкіндік береді.
- Енді азаматтардың болашақ зейнетақысы үш көзден: мемлекеттік базалық төлем, БЖЗҚ-дағы жекежинақтар және жұмыс берушіден келетін қосымша «шартты-жинақтаушы» бөліктен құралады. Мұндай тәсіл жұмыскерлерге қосымша зейнетақы төлемдерін өмір бойы алу мүмкіндігін береді. Бұл әсіресе, 1975 жылғы 1 қаңтардан кейін туған азаматтар үшін маңызды, себебі олардың зейнетақы капиталы аударымдардың тұрақтылығына және жүйеге қатысуына тікелей байланысты, - делінген хабарламада.
Аталған жүйе әсіресе 1975 жылдан кейін туған азаматтар үшін маңызды. Себебі олардың зейнетақы көлемі аударымдардың тұрақтылығына және жүйеге қатысу деңгейіне тікелей байланысты болады.
2026 жылы жұмыс берушілер төлейтін жарна мөлшерлемесі қызметкер табысының 3,5 пайызын құрайды. Ал 2028 жылға қарай бұл көрсеткішті 5 пайызға дейін жеткізу жоспарланып отыр.
Қазіргі таңда жүйенің тиімділігі байқала бастады. 2026 жылдың 1 сәуіріндегі дерекке сәйкес, 5,8 миллион қызметкер қосымша зейнетақы жүйесімен қамтылған. Жыл басынан бері азаматтардың есепшоттарына 951 миллиард теңге аударылған.
Сонымен қатар мемлекет бизнеске де қолдау көрсетіп отыр.