Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда шенеуніктер бұрын атқарған қызметіндегі заңбұзушылықтары үшін жауапқа тартылатын болады
Жаңалықтар

Қазақстанда шенеуніктер бұрын атқарған қызметіндегі заңбұзушылықтары үшін жауапқа тартылатын болады

12.05.2025
1 мин
0
230
Сурет: inform.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану тәртібіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Президент бекіткен жарлық “Нормативтік құқықтық актілер” ресми интернет-ресурсында жарияланды. Құжат “Мемлекеттік қызметтің жекелеген мәселелері туралы” 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлыққа түзетулер енгізуді көздейді.

Жаңа ережеге сәйкес, егер мемлекеттік қызметкер бұрынғы қызметінде тәртіптік құқықбұзушылық жасаған болса, ол үшін жауапкершілікке тартылады.

Бұл талаптар саяси және әкімшілік қызметтегі шенеуніктерге де қолданылады. Тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесі құқықбұзушылық орын алған мемлекеттік органның құзырында болады. Қызметтік тексеру материалдарын сол орган жанындағы комиссия қарайды.

- Мемлекеттік қызметкердің бұрынғы жұмыс орнында қызметтік тергеу басталған жағдайда, ол жұмыс істеп жатқан мекемеге бұл туралы міндетті түрде хабарланады. Егер тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныс жасалса, ол соңғы жұмыс орнына жолданады, – делінген ресми хабарламада.

Егер шенеуніктің өкілеттігі тоқтағанға дейін оған қатысты тәртіптік жаза күшінде болса және ол жаза алынбаған болса, онда қызметкер жұмыстан босатылған күннен бастап жазадан босатылған болып есептеледі.

Жаңа өзгерістер енгізілген бұйрық 8 мамырда жарияланды және ол 18 мамырдан бастап заңды күшіне енеді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл