Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда студенттердің шәкіртақысы қанша теңгеге өседі?
Жаңалықтар

Қазақстанда студенттердің шәкіртақысы қанша теңгеге өседі?

13.03.2024
1 мин
1
931
Фото: paryz.kz

Ашық нормативтік-құқықтық актілердің жобалары порталында студент, магистрант және докторанттардың стипендиясын арттыруды көздейтін үкімет қаулысының жобасы жарияланды.

Онда шәкіртақы 2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап өсетіні, 2025 жылы 1 қыркүйектен бастап тағы да арта түсетіні көрсетілген. Осылайша, 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап:

- жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттер («Денсаулық сақтау» бағытындағы педагогикалық дайындық бағыттары бойынша оқитын студенттерді қоспағанда) – 47 135 теңге;

- жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында даярлаудың педагогикалық бағыттары бойынша және «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша оқитын студенттер – 75 600 теңге;

- интерндер – 85 376 теңге;

- ҚР Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының магистранттары – 107 061 теңге;

- «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымында оқитын магистранттар – 200 000 теңге;

- «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша докторанттар – 240 000 теңге;

- «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша резидент дәрігерлер мен магистранттар – 123 122 теңге;

- Жұмыс біліктілігі бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттер – 43 574 теңге;

- Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттер – 41 896 теңге;

- Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінің тыңдаушылары – 40 065 теңге стипендия алады деп жоспарланып отыр.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
1 Пікір
г
гаухар 14.03.2024
мед колеждерше косылама
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл