Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда тұрғын үй бағасы қашан арзандайды – министрлік жауап берді
Жаңалықтар

Қазақстанда тұрғын үй бағасы қашан арзандайды – министрлік жауап берді

14.04.2021
1 мин
7
7585

Елімізде бірнеше ай бұрын баспана бағасы күрт қымбаттады. Десе де, зейнетақы жинағының бір бөлігін баспана алуға мүмкіндік беретін жобаны пайдаланатын азаматтар қатары азайғандықтан екі айда тұрғын үй бағасы арзандауы мүмкін. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев айтты.

Ресми ақпаратқа сүйенсек, қаңтарда жаңа үйдің бағасы 3%-ке қымбаттаса, екінші нарықтағы баспана бағасы 5%-ке артқан.

«Салыстырмалы түрде ақпан айында баспана бағасының өсуі азайды. Наурызда жаңа тұрғын үй 0,5%-ке, қайталама нарықтағы баспана 2%-ке көтерілгенін айтуға болады. Ал сәуір мен мамыр айында баға тұрақталады деген сенімдеміз», - деді Қайырбек Өскенбаев.

Оның айтуынша, баспана бағасының өсуі тоқтайды. Десед де, бұрынғы баға болатынына кепілдік жоқ. Себебі, құрылысқа қажетті материалдардың басым көпшілігі шетелден келеді.

«Ағымдағы жылы Қызылордада шыны зауытының құрылысы аяқталатын болса, өнім толығымен өзімізде шығарылады. Санфаянс пен түсқағаз да шетелден жеткізіледі. Биыл "Самұрық-Қазынамен" бірігіп, инвесторларды іздеп, осы зауыттардың құрылысын бастау жоспарланған. Аталмыш өнімдер өзімізден шығатын болса, баспана бағасы да реттеледі», - деді ол.

Сонымен қатар, Қайырбек Өскенбаев мемлекет баспана бағасын тұрақтандыру мен құрылыс нысандарының өсуін бақылауға алғанын атап өтті. Бес жыл ішінде 235 мың жер учаскесін қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жоспарлануда (шағын қалаларда-125 мың, ауылдық жерлерде-110 мың). Жыл сайын бұл мақсатта республикалық бюджеттен 130 млрд теңге бөлінеді. 

Ол қазақстандықтардың үйлі болуы үшін "Отбасы банкі" базасында тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі орталық құрылғанын алға тартты. Орталық тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алумен және кезекте тұрған азаматтар арасында тұрғын үйдің қолжетімділік сатысына сәйкес бөлумен айналысады.
 

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
7 Пікір
Г
Гүлнұр 30.04.2021
Жетісайда 3 лимон үйлер 7лимон болды биыл енды сол бағада қалады
Жауап беру
С
Салтанат 25.04.2021
Неге ескі баспаналардын бағасы қымбат ,оларға материал керек емес бәрін бір жүйеге келтіруге болмайма , қымбаттап барады балалардың болашағына уайымдап болдық бір жақсамрмай қойды
Жауап беру
А
Айнаш 16.04.2021
Айлық көтерілмесе халық қалай үй алады. Қалай көтеріледі қарапайым халық. Үй бағасы шарықтап кетті. Табысымыз тамақтан аспайды. Заң шығарарда қарапайым халықты ешкім ойламайды.
Жауап беру
М
Макпал 16.04.2021
Бізге үй бермек түгілі, алып отырған жер телімі ізді өкімет алып қойды ғой.
Жауап беру
Ж
Жомарт 14.04.2021
Ол қазақстандықтардың үйлі болуы үшін "Отбасы банкі" базасында тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі орталық құрылғанын алға тартты. Орталық тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алумен және кезекте тұрған азаматтар арасында тұрғын үйдің қолжетімділік сатысына сәйкес бөлумен айналысады. Осы жері қызық болып тұр маған? Сонда осы уақытқа дейін банк немен айналысып келді?
Жауап беру
.
..... 14.04.2021
Зарплатаны өсіру керек
Жауап беру
.
.... 14.04.2021
Сонымен, әлі бері арзандамайды дегеніме
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл