Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елімізде статистикаға сәйкес, 2020 жылы жоғары сұрыпты ұн 24 пайызға өсіп, бағасы 163 теңгеден 200 теңгеге дейін көтерілді.
Бұл бағаға жаз мезгілінде тағы 15 теңге қосылды. Сонымен қатар, мамандар осы жылы астықтың аз шыққандығын айтып, ұн бағасы тағы да қымбаттайтынын болжап отыр.
Ұн бағасы қымбаттаса, сәйкесінше нан бағасы да өседі. Бүгінде нан бағасы 100 теңгеден басталады. Нарықта ұн мен ұн өнімдерінің бағасының қандай болатыны егін толық жиналып болғанда анықталады. Десе де, елдің аграрлық өңірлері биыл жауынды. Ақмола облысы бойынша 4 жарым млн гектар жердің бидайын жинау жоспарда, десе де диқаншылар астық жинауға енді ғана кіріседі.
Тағы көру