Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Бүгіннен бастап елімізде базалық зейнетақы 6,5%-ға, ал ынтымақты зейнетақы 8,5%-ға индекстелді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңда мемлекеттік жәрдемақылар мен базалық зейнетақы төлемдері ҚР Ұлттық Банкінің инфляция болжамына сәйкес, 6,5%-ға, ал ынтымақты зейнетақы 8,5%-ға артуы көзделген. Бұл өсім инфляция деңгейінен 2%-ға жоғары болмақ.
Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2023 жылдан бастап ең төмен базалық зейнетақыны ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-ына дейін, ең жоғарысын 120%-ына дейін жыл сайын кезең-кезеңімен арттыру жоспарланған.
Осы өзгерістерге сәйкес, бүгіннен бастап базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 65%-ынан 70%-ға дейін ұлғайып, 32 360 теңгені құрады. Ал ең жоғары мөлшері 105%-дан 110%-ға дейін арттырылып, 50 851 теңге болды.
Мысалы, 2019 жылы зейнеткерлікке шыққан 69 жастағы зейнеткердің 2024 жылы бюджеттен алынатын зейнетақысы 156 856 теңгені құрайды, оның ішінде базалық зейнетақы төлемі — 45 578 теңге, ынтымақты зейнетақы — 111 278 теңге.
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап бұл зейнеткердің жалпы зейнетақысы өсіммен 171 588 теңгеге дейін жетеді, оның ішінде базалық зейнетақы — 50 851 теңге, ынтымақты зейнетақы — 120 737 теңге болады.
Айта кетейік, аталған сомаларға БЖЗҚ-дан алынатын төлемдер кірмейді.
2025 жылдан бастап зейнеткерлік жас ерлер үшін 63 жас, әйелдер үшін 61 жас болып өзгеріссіз қалады.