Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда жалдамалы жұмыскер саны өсті
Жаңалықтар

Қазақстанда жалдамалы жұмыскер саны өсті

04.03.2022
1 мин
1
884

ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі таратқан мәлімет бойынша 2021 жылғы 4 тоқсанда жалдамалы жұмыскерлер саны 32,1 мың адамға өскен, ал өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар саны 33,1 мыңға қысқарды.

Жұмыс күшінің жалпы саны 2021 жылғы 3 тоқсанмен салыстырғанда 1,3 мың адамға қысқарды, алайда жылдық мәнде бұл көрсеткіш 0,3% - ға (29,9 мың) 9,3 млн адамға дейін өсті. Бұған өткен жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда жұмыспен қамтудың жалпы 0,4% - ға (30,8 мың) 8,8 млн адамға дейін өсуі ықпал еткен.

Жұмыспен қамту құрылымында 4-тоқсанның қорытындысы бойынша жұмыс істейтін халықтың 76%-ы (6,72 млн) жалдамалы еңбекпен қамтылды, олардың саны 2021 жылғы 3 тоқсанмен салыстырғанда 0,5% - ға (32,1 мың) артты. Тиісінше, жұмыспен қамтылғандардың 24%-ы (2,1 млн) өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар болып саналды, олардың саны алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда 1,6%-ға (33,1 мың) қысқарды.

Егер өткен жылдың басы мен аяғының көрсеткіштерін салыстыратын болсақ, жалдамалы жұмысшылар мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық санының 14,3 мың және 16,5 мың адамға өскенін атап өтуге болады.                                                                                                                                                                      «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ Басқарушы директоры Александра Молчановская.

Сондай-ақ, сарапшы 2021 жылдың соңына қарай жұмыссыздар саны тағы қысқаратынын атап өтті.

Өткен тоқсанмен салыстырғанда бар болғаны 350 адамға азайғанына қарамастан, бір жылдық кезеңде олардың саны 2,6 мың адамға қысқарды. Жұмыссыздық деңгейі алдыңғы бес тоқсандағыдай 4,9% деңгейінде қалды.                                                                                                                                                         Александра Молчановская.

Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жұмыс істемеген немесе жұмыс іздемеген адамдардың саны 13,2 мыңға азайып, 4,1 млн болды.

Жұмыспен қамтылғандардың көпшілігі қалалық жерлерде тұрады (59%), олардың басым бөлігі жалдамалы жұмысшылар. Өз бетінше жұмыспен қамтылу, әдетте, ауылдық жерлерде басым (57%). Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың басым бөлігі Түркістан (өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың жалпы санының 83%), Алматы (79%), Жамбыл және Батыс Қазақстан (73%) облыстарында.

Кәсіптік білімі бар жұмыспен қамту үлесі өсуде. Мәселен, 2021 жылғы 4-тоқсанда алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда олардың саны 68 мың адамға артып, жұмыспен қамтылған халықтың 85%- ын құрады. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда жалдамалы жұмыскерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар арасында 89 % және 72%-ды құрап, 2 пайыздық тармаққа өсті. Айта кету керек, жалпы техникалық және кәсіптік біліммен қамтылғандардың өсу үрдісі байқалады.                                                                                                                                                                                                              Александра Молчановская

2021 жылдың 4 тоқсанында Қазақстанда номиналды жалақы орташа есеппен 275,6 мың теңге болды, бұл 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 18,2%-ға жоғары. Сонымен қатар нақты жалақы индексі 2020 жылдың осы кезеңіне 8,7% болды.

Өңірлер бөлінісінде жалақы деңгейі бойынша мұнайлы өңірлер – Атырау (айына 420,4 мың теңге) және Маңғыстау (382,4 мың теңге) көшбасшы болып қалуда.) облыстар, сондай-ақ мегаполистер – Нұр-Сұлтан қаласы (391,4 мың теңге.) және Алматы қ. (329,1 мың тг.), ал су көлігі саласы орташа жалақысы 890,7 мың теңгеге тең, бұл – елдегі ең табысты сала.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
А
Аиса 04.03.2022
Мынау Александр молчановский деген кім өзі? Молчать етіп отырсын
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл