Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда жаңа жәрдемақы енгізілді – ол кімге төленеді
Жаңалықтар

Қазақстанда жаңа жәрдемақы енгізілді – ол кімге төленеді

05.11.2021
1 мин
36
18670

Қазақстанда мүгедектік себебіне қарамастан I топтағы мүгедекке күтім көрсететіндерге жаңа жәрдемақы төленеді, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

"Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңына сәйкес, Қазақстанда мүгедектік себебіне қарамастан, I топ мүгедегіне күтім жасайтын адамдарға ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,4 мөлшерінде (2021 жылы – 48 023 теңге) жәрдемақы енгізілді.

Мүгедектік бойынша жәрдемақыны кімдер алады

I топтағы мүгедекке күтім жасайтын адамдар осы жәрдемақыны алу үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының бөлімшелеріне өтініш беруі керек. Өтінішпен бірге мынадай құжаттар қоса тапсырылады:

  • жеке басын куәландыратын құжат (жеке куәлік, қандас куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты немесе цифрлық құжаттар сервисінен электронды құжат);
  • I топтағы мүгедекке қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленгенін растайтын құжат (ондай дерек болған жағдайда);
  • күтімге мұқтаж адамның мүгедектігі туралы анықтама;
  • жәрдемақы беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді растайтын құжат, сәйкестендіру үшін қажет;
  • психикалық денсаулық орталығында есепте тұрмайтыны туралы анықтама.

Бұдан басқа, күтімді жүзеге асырушы ретінде айқындалған адамның іс-әрекетке қабілеттілігі туралы мәліметтер жеке басын куәландыратын құжат бойынша әділет министрлігінің "Жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесінде тексеріледі.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
36 Пікір
Р
Рано 12.11.2021
Анам 1топ мүгедектік алады кеше барып құжат жинап өткізейін десем райсавездегілер әлі бұл заң күшіне енген жоқ деп айтты .Одан соң мына жерде қандастық, ыхтярхат пен тапсыруға болады депсіздер ол бекер соз ыхтяр хатпен қабылданбайды екен о.
Жауап беру
Ж
Жазира 11.11.2021
Бұл жаналық емес. Бұл көмекті алып жатқанымызға 2 жыл болды
Жауап беру
А
Алия 10.11.2021
Бұны не ұшін жаңалыққып жариялап отырсыз онсызда аламыз по уходу за ребенком инвалидом деген пособияны сол 48 мынды
Жауап беру
Т
Торебаева Сандугаш 08.11.2021
Балам мугедек кай жерге барып жолыгамыз.
Жауап беру
М
Марал 10.11.2021
Собезге
Жауап беру
З
Зияда 07.11.2021
Мен жалғыз басты анамын денсаулық бойынша группада турам камелетке жетпеген балам бар озым 3ншы группа могедегымын куеым қайтыс болған кәмелетке толмаған балам бар не озым пәтер жалдап отырам жетпегенсоң кридитымде бар айына 100мың ақшам кетеды содан соң көше қанғырып жумыс ыстеп тамақ тауып кун коремын қазыргы кезде денсаулығым болмай уколда алалмай жатырмын ақшамда жоқ
Жауап беру
П
Пернегуль 07.11.2021
Үш балам бар, ажырасқанмын, мүгедек балам бар
Жауап беру
Ж
Жанат 07.11.2021
80 нен асқан қарияларға қарап отырғандарға да төленсе дұрыс болар еді 15 жылдан асты ата енеге қарап отырғанымызға қартайған сайын өнер ашып жатыр
Жауап беру
А
Алтынай 06.11.2021
Мен Жалгыз басты анамын каражат жетпейди
Жауап беру
Ж
Жанат 06.11.2021
Мүмкіндігі шектеулі адамдарға аз емеспе. Азық түлік ұшты өздеріңіз білгендей
Жауап беру
Б
Базаркул 06.11.2021
Оте дурыс шешим деп ойлаймын каншама адам мугедек адамды багып отыр сол кисиледи олаган дурыс кой
Жауап беру
Г
Гульзира 06.11.2021
Анам 1-топ мугедегі 2-көзінен өмірлікке шыққан әрі 4_рет инсульт алған. Кеше собезге барғанда осы сұрақ бойынша маған тек анаңыз өздігінен отырып тура алмай жатып қалған жағдайда ғана аласыз деді. Маған тағайындалама әлде тек ауыр турдегі 1-топтағы мугедек бағушыларына берілеме?
Жауап беру
Г
Гаухар 06.11.2021
Менин мүгедек тикке шығуға мүмкіндігим барма бауырыма бир буйрегимди бергем бармаған жерим баспаған тауым жок шыкпайсын деп кайтарып жибереди
Жауап беру
М
Мадина 06.11.2021
Кишкентай балаларга да косылама или 1 топ тагыларгама
Жауап беру
Б
Баян 06.11.2021
Менин мамам 1 топтагы мугедек, папам кутуши ретинде 28000тг алады
Жауап беру
Г
Гулнар 05.11.2021
Жолдасым 1топ , журмейди , сойлемейди, мугедектикке калганына 1жыл жарым болды , бизге кутушилик жардемакы толемеди , бирнеше рет райсобеске де , комиссия откизип жатканда да , кайта кайта бардым , сизге тиесили емес деп , енди мугедектин ауру салдарына байланысты емес барлыгына стандарт жардемакы толенеди дегесин , тагы бардым комиссияга , уч врачына барып кайта кужат жинап тапсыр деп отыр , ар турли сылтау айтып , бул укиметтин жана жардемакысын да тагы киындыктар тугызып , ауру адам кутип , багып отырмын , ари бери сандалтып , осыны маселени кимге , кайда барып котерсем болады
Жауап беру
А
Ақбала 06.11.2021
Денсаулық миністірлігіне жазыңыз болмаса Еңбек және Халық Әлеуметтік миністіріне арыз шағым жазыңыз шешіп береді
Жауап беру
Ш
Шолпан 05.11.2021
Құдай бұныда әлде қандай жаңалық қылып жариялап министрлік қатырады. Атам бұрын 1топ болғанда 1040документ тапсырып, ай сайын отчет тапсыратынбыз. Енді бәріне бірдей төлейтін болған соң ба білмеймін жнре алмайтын атамды 2ші топқа ауыстырды. Ақша бермесең тіпті даже көрініп тұрған мүгедектікті дәлелдей алмайсың. Принцинтік түрде ақша бермедік дәл сол 30мыңсыз ақ қараймыз деп. Дым басы істемейтін билік пен орындалмайтын заң үшін рақмет деймін. Алла жар болсын
Жауап беру
Б
Балжан 05.11.2021
Негізі бұл 48мың баяғыда шығып еді ғой Оны неге Америка ашқандай айта бересіңдер Мен балам 1ші топ балаға пенсия 65мың сосын мен баққаныма (опекун48мың )алам Бұл жәрдемақы бар ғой неге жаңалық ашқандай айтып отыр ҚЫЗЫҚ
Жауап беру
Г
Газиза 05.11.2021
Сол 48000 га карап беретин адам барма екен. Не мазагы мынау. Созим жок, карап отырган адамга Алла куат берсин
Жауап беру
Л
Лейла 05.11.2021
Бир мүгедек ти карауга бир адам керек кундиз туни карай ды 60мын да аз.кадимги бир адамның зарплатасын төлеу керек.150.200мын
Жауап беру
Г
Гулдана 05.11.2021
48 мың теңге мүгедек кисини қараған ең бала шаға тамақ киемдер дари дармектерге жетпейдидего кем дегенде 60 мың теңгеден жоғары болса жақсы болар еди
Жауап беру
Г
Гулдана 05.11.2021
48 мың теңге мүгедек кисини қараған ең бала шаға тамақ киемдер дари дармектерге жетпейдидего кем дегенде 60 мың теңгеден жоғары болса жақсы болар еди
Жауап беру
Ж
Жадыра 05.11.2021
Мен 2топ мүгедекпин өзімді өзім обслуживать ете алмаймын.киім кие алмаим өзім тамақ пісіре алмаим шомыла алмаим.қасымда ұлым не қызым көмектесу керек. Өздігімнен жүре алмаимын адамның комегімен жүре алам тек
Жауап беру
Э
Эльмира. 05.11.2021
Биринши топта болсаныз улыныз немесе кызыныз опекун ретинде кужат тапсыру керек
Жауап беру
Ж
Жанар 05.11.2021
1045 рет айтылды ғой осы жаңалық
Жауап беру
С
Сарсенбаева Дариха 05.11.2021
Кызым 1 топтағы мүгедек егіз баласы бар күйеуі кызым жатакқа жатып қалғансың екі жарым айдан кейін өз өзінен үйінен шығып кетті міне содан бері 3 жыл өтті,қызым квартирада тұрады ,ал сол қызыма көмекші мен 70 жастағы анасымын мұрағатының осы жағдайға байланысты маған жәрдем болама?
Жауап беру
Э
Эльмира 05.11.2021
Арине болады. Кужат жинап тапсырыныз собезден сураныз
Жауап беру
Қ
Құралай 05.11.2021
2топ мүгедек жасы 18ден асқан адамды күткені үшін жәрдемақы төлене ме?
Жауап беру
Р
Ринат 05.11.2021
кредит амнистия жайында айттып кеттесизба кешириледи деген распа
Жауап беру
Қ
Қасия 05.11.2021
Бұл ақша 48023 беріліп отырғанына 2-3жылдай болып қалды ғой.Әлде тағы қосымша бере ме?
Жауап беру
Л
Лаура 06.11.2021
Қайдағы екі жыл бір жыл болған жоқ беріп бастағанына
Жауап беру
А
Асель 05.11.2021
Сәлеметсіздер ме! Мен Алматы облысында мектепте жұмыс істеймін. Мен Семей ядролық полигон куәлігін алып бухгалтерге берсем бізде ешқандай жеңілдік жоқ, қосымша төленетін ақша да қарастырылмаған деді. Ол қаншалықты заңға сай.
Жауап беру
Э
Эльмира. 05.11.2021
Болу керек. Собезден сураныз
Жауап беру
Г
Гүлнұр 05.11.2021
Алматыда мағанда экология төленген жоқ, ол тек шығыс аймақта жұмыс істейтіндерге төленеді деді
Жауап беру
Э
Эльмира. 05.11.2021
Бул улкен кисилерге арналган ба екен? Кишкентай бала мен опекунга бирдей сомма гой.
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл