Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда жел және күн электр станциясы салынады
Жаңалықтар

Қазақстанда жел және күн электр станциясы салынады

11.02.2022
1 мин
0
2318

 Еліміздің батыс және орталық өңірлерінде неміс технологиясы негізінде күн және жел электр станциясы жобасы қолға алынбақ. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко мәлім етті.

«Неміс капиталының қатысуымен 600-ден астам кәсіпорын табысты жұмыс істеп жатыр. Біздің елімізге неміс компанияларының қызығушылығы арта түсуде. Соңғы 15 жылда Германиядан Қазақстанға келіп түскен тікелей инвестициялар 5,3 млрд доллар құрады. Оның басым бөлігі (шамамен 80%) шикізаттық емес секторға, ауыл шаруашылығы, құрылыс, денсаулық сақтауға, көлік логистикасына бағытталды», - деді Роман Василенко министрлікте өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, бүгінде Саран қаласында немістің «Goldbeck Solar» атты фирманың қатысуымен Орталық Азиядағы ірі, қуаты 100 мегаваттық күн электр жобасы іске қосылды.

«Жақын арада «SVEVIND» Дрезден компаниясы батыс және орталық Қазақстанның даласында жалпы қуаты 45 гигаватт жел және күн электр станцияларын салу бойынша ірі жобаға кіріседі. Қазақстан - неміс кәсіпкерлері мен инвесторлары үшін жаңа мүмкіндіктер мекені, әлеуеті жоғары. Екіжақты инвестициялық ахуалды жетілдіре түсу арқылы ортақ жетістікте қол жеткізетінімізге сенімдімін», - деді ол.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл