Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 14 417 шетел азаматы жұмыс істейді, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Еңбек министрлігінің ұсынған мәліметіне сүйенсек, шетел жұмыс күшін тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар:
Тартылған ШЖК негізгі бөлігі үшінші және төртінші санаттарға жатады – тиісінше олар 7 186 және 881 адам.
Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 1 302 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 1 437 адам тартылды.
Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер құрылыс саласында – 5 262 адам (37,3%); тау – кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 441 адам (10%); ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 143 адам (8%); кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 979 адам (7% ); өңдеу өнеркәсібі – 883 адам (7%).
фото: 7kun.kz