Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстандағы алғашқы АЭС жобасының жетекшісі ретінде “Росатом” таңдалды
Жаңалықтар

Қазақстандағы алғашқы АЭС жобасының жетекшісі ретінде “Росатом” таңдалды

14.06.2025
1 мин
0
110

Қазақстанда алғашқы атом электр станциясын салу жөніндегі халықаралық консорциумның жетекшісі ретінде “Росатом” таңдалды. Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің хабарлауынша, халықаралық сарапшылар қатысуымен жүргізілген жұмыс нәтижесінде еліміздегі бірінші АЭС құру жобасын жүзеге асыратын консорциумның жетекшісі анықталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Ашық әрі бәсекеге қабілетті диалог аясында реакторлық технологиялардың әлемдік көшбасшыларымен келіссөздер жүргізіліп, олардың өндірістік нысандарына сапарлар ұйымдастырылды. Жүргізілген талдаудың нәтижесінде әлеуетті жеткізушілердің қысқа тізіміне Ресейдің “Росатом”, Қытайдың China National Nuclear Corporation, Францияның Électricité de France және Оңтүстік Кореяның Korea Hydro & Nuclear Power компаниялары енгізілді.

Осы компаниялар Қазақстанда АЭС құру бойынша техникалық және коммерциялық ұсыныстардан тұратын материалдар кешенін ұсынды, олардың құрамында:

  • құрылыстың болжамды құны;
  • жобаны іске асыру мерзімдері;
  • қаржыландыру тарту модельдері;
  • жабдықтар мен құрылыс жұмыстарын жергіліктендіру тәсілдері;
  • кадр даярлау мен ғылыми-білім беру әлеуетін дамыту ұсыныстары;
  • ядролық отын циклілік ықпалдастық мүмкіндіктері;
  • әлеуметтік міндеттемелер мәселелері қамтылды.

Осы негізде, Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі, "Қазақстандық атом электр станциялары" ЖШС және франциялық Assystem инженерлік компаниясы бірлесіп әзірлеген әдістеме бойынша ұсынылған реакторлық технологиялар мен басқа ұсыныстарды кешенді бағалады. Бағалау АЭС қауіпсіздігі, технологиялық және қаржылық аспектілер, халықаралық тәжірибе, кадрлар даярлығы, жергіліктендіру деңгейі және басқа да көрсеткіштер бойынша жүргізілді.

Осы талдау нәтижелері атом саласын дамыту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қарауына ұсынылды. Қорытындылай келе, ең тиімді және оңтайлы ұсыныстың Ресейлік “Росатом” компаниясынан келгені анықталды, екінші орында Қытайдың China National Nuclear Corporation, ал үшінші орынға Францияның Électricité de France мен Оңтүстік Кореяның Korea Hydro & Nuclear Power ұсыныстары қойылды.

Осылайша, “Росатом” Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясын салу жобасы бойынша халықаралық консорциумның көшбасшысы ретінде бекітілді. Қазіргі уақытта “Росатом” ұсынған жоба аясында Ресей тарапынан мемлекеттік экспорттық қаржыландыру тарту мәселесі нақтылап жатыр, ал Қазақстан Атом энергиясы жөніндегі агенттігі шетелдік әріптестерімен тиімді халықаралық консорциум құру жұмыстарын жалғастыруда.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл