Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі елімізде қанша адам босқын мәртебесіне ие болғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Ресми ақпаратқа сәйкес, қазіргі уақытта Қазақстанда 265 пана іздеуші мен 301 босқын тұрып жатыр. Олардың басым бөлігі Алматы қаласы мен Алматы облысында орналасқан.
- Елімізде заңды түрде баспана алған шетелдіктер халықаралық қауымдастық алдындағы міндеттемелерге сай мемлекет тарапынан қорғау мен қолдауға ие, – делінген министрлік хабарламасында.
Ведомство өкілдері Қазақстанның 1998 жылғы 15 желтоқсанда БҰҰ-ның 1951 жылғы “Босқындар мәртебесі туралы” конвенциясына қосылғанын және соған байланысты бірқатар міндеттерді мойнына алғанын еске салды.
Министрлік мәліметінше, Қазақстанда пана іздеушілер мен босқындардың құқықтық жағдайы халықаралық құқық нормаларына негізделіп қабылданған “Босқындар туралы” заңмен реттеледі.
Аталған заңда келесі қағидаттар қамтылған: жер аудармау, босқын мәртебесін берудің ашық әрі қолжетімді болуы, кемсітушілікке жол бермеу, ақпараттың құпиялығы, отбасының бірлігін сақтау және босқын балалардың құқықтарын қорғау.
Сонымен қатар, босқындар мен пана іздеушілерге мынадай қолдау көрсетіледі: