Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстандық жас шахматшылар шахмат әлемінің жұлдызы Даниил Дубовты жеңді, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қазақстандық жас шахматшылар St. Regis Astana қонақ үйінде 18 жасқа дейінгі 20 шахматшымен бір мезгілде ойын сеансын өткізген шахматтан әлем чемпионы (2018), ФИДЕ онлайн-олимпиадаларының жеңімпазы (2020, 2021), халықаралық гроссмейстер Даниил Дубовты жеңді.
Бірнеше партияның нәтижесі көпшілікті таңғалдырды. 10 жасар Ахмет Сүлейман (1 разряд), 11 жасар Владимир Савитский (1 разряд) және 14 жасар Мансур Хасенов (1524 рейтинг) гроссмейстерді қара фигурамен жеңді. Айта кететіні, ойынға шахматтан тек 2-разрядтан жоғары шахматшылар қатысты.
Ойын қорытындысы бойынша Даниил Дубов қатысушылардың дайындық деңгейлерінің жоғары екендігін және қатысушылардың көпшілігі лайықты қарсылас болғанын атап өтті. Шахмат жұлдызының сөзінше, бұл олардың құрған комбинацияларынан, түрлі тактикаларды қолдануларынан көрініп тұрды.
Айта кетейік, сеанс кезінде Қазақстан Ұлттық банкінің бұрынғы басшысы Әнуар Сайденов Даниил Дубовке Қазақстан монета сарайында дайындалған сыйлықты табыстады.
Фото: Қазақстандық шахмат федерациясы