Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстандық жас вокалист
Жаңалықтар

Қазақстандық жас вокалист "Славян базары" байқауында Гран-при үшін бақ сынайды

10.07.2025
мин
0
229
Сурет: instagram.com/kris.p.media

Қазақстандық дарын Мирас Нағашыбай Беларусь елінде өтіп жатқан “Славян базары” аясындағы “Витебск-2025” XXIII Халықаралық балалар музыкалық байқауында еліміздің намысын абыроймен қорғауда, деп хабарлайды Dauletten.kz сайты Kris.p.media-ға сілтеме жасап.

Байқауға 14 елдің жас әншілері қатысуда. Олардың әрқайсысы Беларусьтің Михаил Финберг атындағы Ұлттық академиялық концерттік оркестрінің сүйемелдеуімен өнер көрсетуде. Бұл – жас өнерпаздар үшін үлкен тәжірибе мен кәсіби шыңдалудың таптырмас мектебі.

Мирас байқаудың алғашқы күнінен-ақ өз дарынын сенімді түрде көрсете білді. Ал екінші күні оның әсерлі орындауы мен сахнадағы жарқын образы көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Ол Олег Газмановтың “Есаул” әнін ерекше эмоционалды жеткізіп, залдағылардың қошеметіне ие болды. Алайда қазылар алқасы көрермендердей жомарттық танытпады — екінші күні 67 балл қойды, бұл алдыңғы күнге қарағанда екі баллға төмен.

Екі күннің қорытындысы бойынша Мирас 136 балл жинап, Беларусь елінің қатысушысымен тең нәтижеге қол жеткізді. Қазіргі таңда екеуі де — бас жүлденің негізгі үміткерлері. Кімнің “Славян базарының” басты сахнасына шығатыны жақын күндері белгілі болады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл