Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстандықтар ақшаны қай банкте сақтайды?
Жаңалықтар

Қазақстандықтар ақшаны қай банкте сақтайды?

25.08.2020
1 мин
17
8841

Елімізде пандемия және дағдарыс кезеңіне қарамастан банктердегі депозит мөлшері 13 пайызға артқан. Азаматтар банктегі депозиттің еркін түрін, яғни қаражатты кез келген уақытта жеке шоттан алуға болатын және ақшаны қалаған уақытта алуға мүмкіндік бермейтін түрлерін пайдаланады. Сондай-ақ депозит түрін қарастырғанда ұлттық валютаны немесе шетел валютасын таңдайды.

Мысалы, доллармен ашылған депозиттің жылдық пайыздық мөлшерлемесі 1% болса, 2020 жылдың қыркүйек айында ашылған теңгелік депозиттің мөлшерлемесі  9% болып бекітілген.

Finprom.kz мониторингтік агенттігінің мәліметіне сүйенсек, еліміздің 27 банкінде жеке тұлғалардың атынан ашылған депозитте жиналған қаражат мөлшері  9,85 триллион теңгені құрады.

Азаматтардың жеке депозиттерінің үштен бір бөлігі дерлік Halyk банкте жиналған. Жалпы сома 3,39 трлн теңге. Өсім 7,2%. Сонымен қатар, Kaspi Bank – 1,7 трлн теңге, салыстырмалы түрде өсім 30%-ға жоғарылаған.

Ал заңды тұлғалардың басым көпшілігі Банк Хоум Кредитті таңдаған. Банкте  өсім 55%-ды құрап, 105,7 млрд теңгені көрсетіп тұр.

Сондай-ақ исламдық Заман Банкінде  депозит көлемі 20 миллионнан 30 миллион теңгеге өскен.

Үшінші орын КЗИ Банкінде. Соңғы мәліметке сәйкес банктегі салымдардың барлығы 9 млрд теңге болған. Өткен жылы бұл сома 5,9 млрд теңгені құраған еді.

Ал депозиттегі салым мөлшері түсіп кеткен 8 банктің ішінде Capital Bank Kazakhstan бірінші орында. Екінші орынға Tengri Bank, ал үшінші орынға Қытай сауда-өндірістік банкі жайғасты.  

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
17 Пікір
Г
Гулжан 18.10.2020
Оз басым Жилстройда. Каспи банкте устаймын. Сенимди озиме унайды Алгысым шексиз
Жауап беру
А
Альбина 02.09.2020
Депозитти кай банктан ашкан дурыс
Жауап беру
А
Альбина 27.08.2020
Доллар ақшаны кай банкте сақтаған тиімді, әлде уйде сақтаган дурыспа
Жауап беру
Г
Гүлім 26.08.2020
Жилстройсбербанк ше?
Жауап беру
Б
Бахон 05.09.2020
Дұрысы сол
Жауап беру
С
Сулу 25.08.2020
Жилстройсбербанкте депазттеги акшаны калаган уакытта шешип алуға бола ма?
Жауап беру
А
Айнур 26.08.2020
Жоқ, үш жылға толмаса процентіңізді жоғалтып аласыз
Жауап беру
М
Мейрамкул 25.08.2020
Соеымен кай банкти тандаган жон.акша жинауым керек.
Жауап беру
С
Сақтандыру компаниясында жинаған тиімді, полный пакет бағалы қағаз аласыз. 87757868555 хабарласыныз 26.08.2020
Банк
Жауап беру
Е
Ерлан 25.08.2020
Мелекет кепылдык берсе неге халык сактамаска
Жауап беру
Ж
Жанар 25.08.2020
Ақтауда заман банкі бар ма
Жауап беру
Г
Гүлмира 25.08.2020
Сонымен қай банк,Жилстрой ше
Жауап беру
С
Сапура 25.08.2020
Депозитке салатын акшамыз жоқ, сонын ушінде білмейді екенмін қай банкке салған тиымды
Жауап беру
Р
Раян 25.08.2020
Сонда қай банкке салган тимди
Жауап беру
Мадина 25.08.2020
Менде депозитке доллармен акша салайын деп едим кай банк жаксы
Жауап беру
Ж
Женискул 25.08.2020
Мен жил строй банке салып жатырмын
Жауап беру
Д
Динара 25.08.2020
Депозитке доллармен ақша салайын деп едім, қай банкке салған тиімді?
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл