| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстандықтар өткен жылы ел ішінде саяхаттауға жүздеген миллиард теңге жұмсап, ішкі туризм шығындары жалпы көлемнің жартысынан астамын құрады, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылы туристік сапарларға жұмсалған жалпы шығын көлемі 1 134,2 млрд теңгеге жеткен. Оның ішінде ел ішінде саяхаттағандардың шығыны 659,2 млрд теңгені немесе 58,1%-ды құрады.
Есепті кезеңде сапарға шыққан қазақстандықтардың жалпы саны 11,7 миллионнан асқан. Соның басым бөлігі – 10,2 миллион адам – республика аумағында саяхаттаған. Ал шетелге шыққандар саны 1,5 миллион адам шамасында болған.
Сапарлардың негізгі бөлігі жеке мақсатта жүзеге асырылған – олардың үлесі 94,1%-ды құрайды. Іскерлік мақсаттағы сапарлар 5,9% деңгейінде қалған.
Ең танымал бағыттардың қатарында Астана және Алматы қалалары, сондай-ақ Түркістан, Алматы және Қарағанды облыстары бар.
Көлік таңдауда ел ішінде саяхаттаушылар көбіне жеке автокөлік пен теміржол қызметін пайдаланған. Ал шетелге шығатындар арасында әуе көлігіне сұраныс жоғары болған.
Мамандар бұл көрсеткіштер ішкі туризмге қызығушылықтың артып келе жатқанын аңғартатынын айтады.