Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Шет елдерде Қазақстан азаматтарын жұмысқа орналастыратын жеке агенттіктердің қызметін бір жүйеге келтіру қажет. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Олжас Бектенов айтты.
«Қазіргі уақытта шетелде жұмыс істеп жатқан немесе сонда жұмысқа орналасқысы келетін қазақстандықтар көп. Бұл олардың еңбек қатынастарын заңдастыруды, құқықтарын қорғауды талап етеді. Оларға жалақы төлемеу, медициналық қызмет көрсетпеу, келісімшарттар өрескел бұзылған фактілер бізге белгілі. Сондықтан қазір тиісті үкіметаралық келісімдерді бекіту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазірдің өзінде шет елдерде біздің азаматтарды жұмысқа орналастыратын жеке агенттіктердің қызметін бір жүйеге келтіру қажет. Қазақстандықтар келісімшарт бойынша сенімді кепілдік алуға тиіс», — деді Үкімет басшысы.
Осы орайда Олжас Бектенов Еңбек министрлігіне аталған бағытта кешенді шаралар қабылдауды тапсырды.
«Сонымен қатар шет мемлекеттерде жұмыс істегісі келетіндер үшін Кәсіптік және тілдік даярлау орталықтарын ашуға болады. Мысалы, оларды Шығыс Қазақстан, Түркістан және Алматы облыстарында ашу жоспарланған. Осы өңірлердің әкімдері бұл жұмысты жеделдетуі қажет. Басқа өңірлер де осы тәжірибені пайдалануына болады», — деді Премьер-министр.
Ол қабылданып жатқан барлық жүйелі шараларды іске асыру сапалы жұмыспен қамтуға және халықтың табысын арттыруға ықпал ететіндігін айтты.
«Өңір әкімдеріне тұрақты жұмыс орындарын құруға баса назар аударып, жұмысқа орналастыру жөніндегі жоспарлардың орындалуын жеке бақылауға алуды тапсырамын», — деді Үкімет басшысы.