Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстандықтарға шетелдік мүлік пен активтер бойынша декларация тапсыру ескертілді
Жаңалықтар

Қазақстандықтарға шетелдік мүлік пен активтер бойынша декларация тапсыру ескертілді

22.07.2025
1 мин
0
206

Қаржы министрлігі азаматтарға шетелде мүлкі, активтері немесе банк шоттары бар жағдайда декларация тапсыру міндетті екенін ескертеді. Бұл талап Қазақстан Республикасының салық резиденттеріне ғана қатысты. Ал шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар, егер олар ҚР резиденті болмаса, декларациядан босатылады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Декларацияны кім тапсыруы тиіс?

1. Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыру міндетті:

  • Мемлекеттік және сайланбалы лауазымдарға кандидаттар мен олардың жұбайлары.
  • Банктік, сақтандыру және қаржы ұйымдарының ірі қатысушысы болуға үміткерлер және олардың жұбайлары.
  • Жеке практикамен айналысатын тұлғалар (нотариустар, адвокаттар, ЖСО, медиаторлар).
  • ҚР резиденттері, соның ішінде цифрлық актив иелері.
  • Шетелде мүлкі бар ҚР резиденттері, атап айтқанда:
    • жылжымайтын мүлік, жер учаскелері, көлік құралдары;
    • шетелдік компаниялардағы үлестер;
    • шетел банктеріндегі шоттар (сома 1000 АЕК-тен жоғары, 2024 жылы – 3 692 000 теңге);
    • инвестициялық алтын мен шетелдік бағалы қағаздар;
    • тұрғын үй құрылысына қатысу үлесі;
    • шетелдік брокерлердегі шоттар;
    • зияткерлік меншік нысандары;
    • құжатпен расталған берешектер;
    • құны 1000 АЕК-тен асатын басқа мүлік (бағалау болған жағдайда).

2. Декларацияда не көрсетілуі тиіс?

  • Шетелдік брокерлік шоттардағы қаражат.
  • Құны 1000 АЕК-тен жоғары мүлік (31 желтоқсанға дейін бағаланып, 15 қыркүйекке дейін көрсетілуі тиіс).
  • Шарттар, салыстыру актілері немесе сот шешімдерімен расталған қарыздар.
  • ҚР-да тіркелмеген бағалы қағаздар.

3. Кірістер мен мүлік туралы декларация тапсыруға міндеттілер:

  • Мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген тұлғалар және олардың жұбайлары.
  • Қаржы ұйымдарының ірі қатысушылары және олардың жұбайлары.
  • Заңды тұлалар мен квазимемлекеттік секторда 10%-дан астам үлесі бар тұлғалар және олардың жұбайлары.
  • Жеке практикамен айналысатындар.
  • Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар (мысалы, жалға беруден, шетелдік кірістерден немесе цифрлық активтерден табыс алатындар).
  • Шетелдік банктердегі шотында 1000 АЕК-тен асатын қаражаты барлар.
  • Шетелдік актив иелері.
  • Бір жыл ішінде 20 000 АЕК-тен жоғары (2025 жылы – 78,64 млн теңге) мүлік сатып алғандар.
  • Салықтық шегерім туралы өтініш бергендер.

Мүлікті сатып алу және табыс көзін растау тек сыбайлас жемқорлыққа қарсы декларация тапсырғандарға ғана емес, сонымен бірге жоғарыда аталған тұлғаларға да міндетті.

 

Декларацияны тапсыру жолдары

Электронды түрде:

  • cabinet.salyk.kz
  • egov.kz порталы
  • e-Salyq Azamat, eGov mobile, moldir.qoldau.kz қосымшалары
  • екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы

Қағаз нұсқада:

  • Салық органдарына тікелей бару арқылы
  • ХҚКО-ларда
  • Пошта арқылы тапсырысты хатпен
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл