Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстандықтарға зейнетке ерте және кешігіп шығу туралы айтылды
Жаңалықтар

Қазақстандықтарға зейнетке ерте және кешігіп шығу туралы айтылды

06.11.2024
1 мин
0
219
Сурет: kapital.kz

2024 жылғы 6 қарашада үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Қазақстанда зейнетке ерте және кешігіп шығу құқығын енгізу идеясын түсіндірді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Министрдің айтуынша, тұрақты жұмыс істейтін зейнеткерлердің төлемдері тоқтатылып, зейнетақылары берілмейді деген сөздер шындыққа жанаспайды.

- Зейнетке ерте және кешігіп шығу туралы айтылды, егер адам зейнет жасын кейінге қалдырып, жұмыс істегісі келсе, оған зейнетақы төлеу тоқтатылуы мүмкін. Бірақ бұл тек болашақта жүзеге асырылатын идея, әзірге ол қарастырылып жатыр, - деді Жақыпова.

Ол бұл мәселеге сарапшылық деңгейде қаралып жатқанын, әсіресе, кешіктірілген немесе ерте зейнетке шығу құқығының талқылануда екенін атап өтті. Кешіктірілген зейнетке шығу үшін, егер адам жұмысын жалғастырса, зейнетақы бюджеттен төленбейді, ал жинақталған қаражат белгілі бір жасқа жеткенде ғана алынады. Мемлекеттік бюджеттен төленетін базалық төлем Конституция кепілдігіне сай жүзеге асырылады, мәселе тек ынтымақ жүйесіне қатысты екенін түсіндірді.

Сонымен қатар, министрдің айтуынша, көп балалы аналар, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған аналар, ауыр жағдайда еңбек ететіндер ерте зейнетке шығуды қалайды.

- Мерзімінен бұрын шығу құқығы үшін 25 жылдан кем емес еңбек өтілі қажет, себебі бұл уақыт аралығында жарналар жасалуы тиіс. Қазіргі уақытта мемлекет көп балалы аналарға 12 жылдық бала күтімін еңбек өтілі ретінде есептейді, бірақ 12 жыл жұмыс өтілі де қажет, - деп атап өтті министр.

2024 жылдың 1 қарашасында жұмыс істейтін зейнеткерлерді таңдау жасауға мәжбүрлеу жоспарланғаны белгілі болған еді. Бұдан кейін журналистермен кездесуде Светлана Жақыпова жұмыс істейтін зейнеткерлерге зейнетақы төлеуді тоқтату туралы ұсынысқа қатысты өз пікірін білдірді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл