Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елімізде негізгі фармацевтикалық тауар мен препараттар өндірісінің өсуіне қарамастан халыққа көбіне импорттық дәрілік заттар ұсынылады.
Мысалы, импорттық антибиотиктердің үлесі 2021 жылы 85,2%, ал продәрумендер, дәрумендер және олардың басқа түрінің үлесі 100% болды.
Energyprom.kz-тің зерттеуінше, 2021 жылы Қазақстанға 1,1 миллиард долларға 21,7 мың тонна дәрі әкелінді. Ресейдің үлесіне көлемнің үштен бірінен астамы тиесілі: 7,6 мың тонна дәрі-дәрмек келген. Бірақ қаржылай жағынан ол небәрі 8,3% немесе 92,7 млн АҚШ долларына тең.
ТМД елдерінің ішінде Ресейден басқа Қазақстан үшін дәрі-дәрмектің негізгі жеткізушілері – Украина мен Беларусь. 2021 жылы Украинадан 22,4 миллион долларға 879 тонна дәрі-дәрмек импортталды. Оның үстіне дәрі-дәрмек – Қазақстан үшін Украинадан импортталатын негізгі өнім топтарының бірі. Беларусь 13,3 миллион долларға 863,8 тонна дәрі-дәрмек импорттады.
Елімізді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ететін ТМД-ға кірмейтін негізгі елдерге келетін болсақ, олар – Үндістан, Германия және Қытай.
Биыл қаңтар айында Қазақстанда негізгі фармацевтикалық өнімдер мен препараттарды өндіру көлемі 11,1 млрд теңге болды.
Фармацевтикалық өнімдер мен дәрі-дәрмек бағасы бір жыл бұрынғы 10%-ға қарағанда 3%-ға қымбаттады
Кейінгі бір жылда Хилак Форте (42,1%-ға), ацикловир (12,3%-ға), Essentiale Forte N (11,4%-ға), No-shpa (10,1%-ға) және басқа да препараттардың бағасы өсті. Бұл ретте парацетамол мен Нурофеннің (14,3%-ға), сонымен қатар ацетилсалицил қышқылының (9,5%-ға) бағасы айтарлықтай төмендеді.